09
октябрь
2023
Мектептегі тамақтандыру
«№40 орта мектеп» мемлекеттік мекемесінде 31.08.2023 жыл, №252 бұйрығы бойынша ыстық тамақпен 1-4 сыныптың барлық 869 оқушысы , 5-11 сыныптың әлеуметтік мәртебеге ие 187оқушысы тегін ыстық тамақпен қамтылды. Қазіргі таңда, №40 орта мектепте тегін ыстық тамақпен қамтылған оқушылардың жалпы саны – 1056 оқушы .Оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы, қоңырау кезінде оқушылардың асханада тамақ ішу кестесі және мектеп мұғалімдерінен кезекшілік құрылған.Асханадағы бөлмелер мен құрал жабдықтардың санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға сай санитарлық жағдайда болуын, мектеп асханасының көрінетін жерінде дұрыс тамақтану бұрышын ұйымдастыру, ас мәзірі ілінген. Мектеп медбиекесі З.Жанадилова қолданып жүрген заңдылықтарға сәйкес сапалы әрі қауіпсіз азықтармен асхананың қамтамасыз етілуі, оқушылардың тамақтан улануының алдын алу мақсатында асханада пастерленбеген сүтті, газдалған сусындарды, тез дайындалатын тамақты (гамбургерлер,хот-дог, фаст-фуд тағамдары, чипси, кириешки, қуырылған жұмыртқа,бәліш) құрамында гинетикалық түрлендірілген индегредиенттері бар өнімдерді қолдануға тиым салынуын қадағалап отырады.
Сынып жетекшілер «Жалпы оқыту қорынан» берілетін бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылатын оқушылардың тізімімен танысты. Оқушылардың асханада көп шоғырлануын болдырмау мақсатында оқушылардың ыстық тамаққа баруы 6 уақытта ұйымдастырылды
Оқушылардың тегін ыстық тамақпен қамтылуын күнделікті мектептің әлеуметтік педагогі К.С.Сапарбек және А.С.Жақып қадағалап отырады.