Іс-шаралар » №40 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№40 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Іс-шаралар
“Қош келдің, Жаңа жыл!”
26
декабрь
2023
“Қош келдің, Жаңа жыл!”
26.12-28.12.2023 ж.ж аралығында мектебімізде “Қош келдің, Жаңа жыл!” атты мерекелік іс-шара өтті. Оқушылар әр түрлі костюмдер киіп, әр сынып өз өнерлерін ортаға паш етіп, Аяз атадан сыйлықтар алды. Өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері мерекелік шараға белсене қатысып, балаларға ойын ойнатып, көңіл-күйлерін көтеріп, би билетті.
“Мен сізді үлгі тұтамын”
19
декабрь
2023
“Мен сізді үлгі тұтамын”
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында “Мен сізді үлгі тұтамын” атты ашық алаңда оқушылармен кездесу өткізу жоспарлануда. Ашық алаңның қонағы ақын, Әлем халықтары жазушылары одағының мүшесі Топарова Баян ханым
“9 айға 9 іс-шара” жобасы
17
ноябрь
2023
“9 айға 9 іс-шара” жобасы
17.11.2023 жылы “9 айға 9 іс-шара” жобасы аясында қараша айында “Асық ату” челленджі өткізілді.Мақсаты: білім алушылардың рухани-адамгершілік мәдениетін, эстетикалық, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, елдің мәдени мұрасын сақтау, ұлттық ойындарды насихаттау.
25-қазан - Республика күні
24
октябрь
2023
25-қазан - Республика күні
25-қазан - Республика күні мерекесіне орай мектебіміздің өнерпаздары “Елім деп соққан жүрегім” атты мерекелік концерт ұйымдастырды.Келе жатқан ұлттық мереке құтты болсын! Еліміздің аспаны ашық, болашағы жарқын болсын!
“9 айға 9 іс-шара”
23
октябрь
2023
“9 айға 9 іс-шара”
25-қазан - Республика күні мерекесіне орай “9 айға 9 іс-шара” ұлттық жобасы аясында 23.10.2023 жылы сағат 12.00-де мектеп ұжымы мен оқушылары жаппай мемлекеттік гимн орындады.Республика күні құтты болсын! Елдігіміз еңселі, болашағымыз жарқын болсын!
"Қарттарын қадірлеген ел ардақты"
03
октябрь
2023
"Қарттарын қадірлеген ел ардақты"
3-қазан күні мектебімізде қарттар күніне орай, отбасы құндылықтарын жүзеге асыру мақсатында "Қарттарын қадірлеген ел ардақты" атты мерекелік концерт өтті. Жас жеткіншектердің бойына үлкенді сыйлап, тыңдай білуге, халқының салт – дәстүрінен нәр алуға, инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу отбасының басты құндылықтары болып табылады. Олардың жылы сөзі мен ақ батасы бүгінгі ұрпаққа үлкен өнеге.
«4 тоқсан - 4 өнер” 1-тоқсан - Ақындар айтысы.
28
сентябрь
2023
«4 тоқсан - 4 өнер” 1-тоқсан - Ақындар айтысы.
«4 тоқсан - 4 өнер” 1-тоқсан - Ақындар айтысы. 40 орта мектеп 2023 жылдың 21 қыркүйегінде қазақ халқының ұлттық құндылығы, шешендік өнер арқылы мәдениеттің баға жетпес мұрасы ретінде айтысты жан-жақты насихаттау, ұлттық рух пен патриотизмге, өз халқына және оның дәстүрлеріне деген құрмет сезімін тәрбиелеу, талантты шығармашылық жастарды анықтау мақсатында ақынмен кездесу өткізілді.
"Менің Отаным -  Қазақстан"
15
сентябрь
2023
"Менің Отаным - Қазақстан"
Тіл айлығы аясында 5-6 сынып оқушылары арасында "Менің Отаным - Қазақстан" атты ән, сурет байқауы өтті. Мақсаты:Оқушыларды өз Отанын сүйюге, қазақ екенін, Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт – дәстүрін қастерлейтін саналы да парасатты азаматтар тәрбиелеу. Сурет салып, байқауға қатысқан Мықтыбек Айару 5Г,Мирзахан Арай , Көпжасар Диана,Серікқызы Айша, Утепберген Алтынбек, Шерехан Тоғжан,Мейрамхан Кәусар, Марат Елдана, Балғабек Сымбат, Болат Асылтас,Алижан
"Тіл-рухани байлық"
14
сентябрь
2023
"Тіл-рухани байлық"
Тілдер мерекесі айлығы аясында ағылшын тілі бірлестігінің ұйымдастыруымен "Тіл-рухани байлық" атты зияткерлік сайыс өткізді. Оқушылар 3 командаға бөлініп, белсене қатысты. Әр команданың қатысушысына жеке тәтті марапаттаулар мен сертификат берілді. 
"Жаратылыстану ғылымдарының полиглоттары"
13
сентябрь
2023
"Жаратылыстану ғылымдарының полиглоттары"
Тіл айлығы аясында Жаратылыстану бірлестігінің ұйымдастыруымен 8-сыныптар арасында "Жаратылыстану ғылымдарының полиглоттары" атты білім додасы өткізілді. Оқушылар жауапкершілікпен дайындалған жарыс жоғары деңгейде өтті. Сайыстың кезеңдері: 1-кезең. "Өзін өзі үш тілде таныстыру": команда атауы, эмблемасы, девизі 2-кезең. "Интеллектуалды батл": биология, химия, география, физика пәндері бойынша викториналық сұрақтар 3-кезең. "Полиглоттар": терминдерді үш тілде атау. Сайысқа барлығы 7-команда
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 13 Вперед