Ыстық тамақпен оқушыларды қамтамасыз етуді ұйымдастыру туралы мәлімет 2021-2022 оқу жылы » №40 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№40 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ыстық тамақпен оқушыларды қамтамасыз етуді ұйымдастыру туралы мәлімет 2021-2022 оқу жылы
07
сентябрь
2021

Ыстық тамақпен оқушыларды қамтамасыз етуді ұйымдастыру туралы мәлімет 2021-2022 оқу жылы

Жаңа оқу жылында мектебімізде 1598 оқушыны құрады. Мектепте тегін ыстық тамақьты ұйымдастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №158 бұйрығы 10-қосымшасының «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызметті көрсету қағидасын, «Алматы облысы білім басқармасының Іле ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2021 жылғы 13 қыркүйек  №218  бұйрығын басшылыққа ала отырып мектепішілк бұйрық шығарылды. Мектепте мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне сәйкес құжаттар жинақталып, журналға толтырылды. Сонымен қатар, мектепте тегін ыстық тамақпен қамтылатын оқушылар тізімі бекітіліп, құжаттар рәсімделіп, ыстық тамақ ішетін оқушылардың тізімі бекітілді.Қыркүйек айы бойынша ыстық тамақ ішетін оқушылардың саны 143-ті құрап отыр. Арендатор есебінен әзірге 14 оқушы ыстық тамақпен қамтылды. Оның ішінде 1-4 сынып оқушыларының саны 79 болса, 5-9-11 сынып оқушыларының саны 64 құрайды.Асханада барлық санитарлық-гигиеналық талаптар сақталған. Нақтырақ айтсақ, асханаға арнайы санитарлық нормаларды сақтау туралы және бетперде тағу туралы белгілер, әлеуметтік арақашықтық сақтау белгілері, антисептиктер орнатылған. Оқушылардың асханада көп шоғырлануын болдырмау мақсатында оқушылардың ыстық тамаққа баруы 4 уақытта ұйымдастырылды. Мысалы:
І ауысым
1-2 сынып оқушылар үшін – 08.30 – 08.45
8-9-11 сынып оқушылары үшін – 10.25 – 10.40
ІІ ауысым
3-4 сынып оқушылары үшін – 14.30 – 14.45
5-7 сынып оқушылары үшін – 16.25 – 16.40.
Оқушылардың тамақтану кестесіне сәйкес уақытылы тамақтануы және күнделікті берілетін тамақтың сапасы, құрамы, температурасы әлеуметтік педагог пен мектеп мейірбекесі бақылап, тексеріп отырды. Әсіресе, оқушылардың денсаулығына қауіпті астардың болдырмауы мен уланудың алдын алу үшін мектептің әлеуметтік педагогы мен мейірбекесі күнделікті мәзірден сынама жүргізеді. Сонымен қатар, асхананың жалпы тазалығы, қол жуатын орынның талапқа сай болуы, асханада тиым салынған заттардың сатылымға шықпауы және асхана қызметкерлерінің жай-күйі мен санитарлық-гигиеналық талаптарға сай болуы (арнайы киім формасының болуы, тазалығы т.б.) бақылауда ұсталынады және кемшілік байқалған сәтте ескертулер беріледі. Асханада қол жуатын орында сабын, асхана залында сағат, температура өлшегіш құрал мен тіркеу журналы, ас мәзір бұрышы, ата-аналардың арыз-шағым, ұсыныс жазатын журналдары бар.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив