12
май
2023
Мектеп асханасының ыстық тамақпен қамтамасыз етілуін тексеру және бақылау АКТІСІ (мамыр айы)
Мектеп асханасының ыстық тамақпен қамтамасыз етілуін тексеру және бақылау АКТІСІ (мамыр айы)
«Алматы облысы білім басқармасының Іле ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі«№40 орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесі
10.05.2023 ж. Боралдай кенті
Мектеп асханасының ыстық тамақпен қамтамасыз етілуін тексеру және бақылау АКТІСІ
Біз, төмендегі құрамдағы комиссия мүшелері ақпан айында:
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары – С.Н. Тазабекова,
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – М.Т. Кушигенова,
Қамқоршылық кеңес мүшесі - Махаметрахимова Айжан,
Әлеуметтік педагог – Е.С. Шайланов,
Ата-ана – Рахимова Айман,
Медбике – З.К. Жанадилова мектеп асханасының ыстық тамақпен қамтамасыз етілуін тексеру мақсатында осы АКТіні жасадық.
Мектеп асханасында бекітілген кезекшілікке сәйкес мұғалімдер оқушылардың асханада тамақ ішуін бақылауда ұстап, қадағалауда.
Мектеп асханасында оқушылардың тамаққа келу деңгейі – жақсы. Ас мәзірі бекітілеген ас мәзіріне сәйкес келеді.
Мектеп асханасында қол жуатын орында суық және жылы су ағып тұр және қажетті гигиеналық құралдармен қамтылған. Қоқыс тастайтын урналар бар.
Залдың эстетикалық безендірілуі – жақсы, тиісті ақпараттар, оның ішінде оқушылардың тамақ ішу кестесі, арыз-шағым журналы, перспективалық және күндік ас мәзірі ілінген.
Оқушылардың тамақтану кестесіне сәйкес уақытылы тамақтануы және күнделікті берілетін тамақтың сапасы, құрамы, температурасы әлеуметтік педагог пен мектеп мейірбекесі бақылап, тексеріп отырды. Әсіресе, оқушылардың денсаулығына қауіпті астардың болдырмауы мен уланудың алдын алу үшін мектептің әлеуметтік педагогы мен мейірбекесі күнделікті мәзірден сынама жүргізеді. Сонымен қатар, асхананың жалпы тазалығы, қол жуатын орынның талапқа сай болуы, асханада тиым салынған заттардың сатылымға шықпауы және асхана қызметкерлерінің жай-күйі мен санитарлық-гигиеналық талаптарға сай болуы (арнайы киім формасының болуы, тазалығы т.б.) бақылауда ұсталынады және кемшілік байқалған сәтте ескертулер беріледі. Асханада қол жуатын орында сабын, асхана залында сағат, температура өлшегіш құрал мен тіркеу журналы, ас мәзір бұрышы, ата-аналардың арыз-шағым, ұсыныс жазатын журналдары бар.
Комиссия мүшелері:
ДОІЖО С.Н. Тазабекова
ДТІЖО М.Т. Кушигенова
Қамқоршылық кеңес мүшесі А. Махаметрахимова
Әлеуметтік педагог Е.С. Шайланов
Ата-ана Рахимова А.
Медбике З.К. Жанадилова