2019-2020 оқу жылының І жарты жылдығында оқушыларды ыстық тамақпен қамту туралы » №40 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№40 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2019-2020 оқу жылының І жарты жылдығында оқушыларды ыстық тамақпен қамту туралы
29
декабрь
2020

2019-2020 оқу жылының І жарты жылдығында оқушыларды ыстық тамақпен қамту туралы

             

Қыркүйек айы бойынша жазғы уақыттан кейін ыстық тамақпен қамтылған 7 оқушының басқа мектепке ауысуына байланысты тізімнен шығарылып, орнына мектепішілік бұйрыққа сәйкес әлеуметтік мәртебеге ие басқа 7 оқушы қайта ыстық тамақпен қамтылды. Қыркүйек айында тегін ыстық тамақпен қамтылған 170 оқушының: 

  •  1-4 сыныптар бойынша жалпы 68 оқушы, соның ішінде аз қамтылған 3 оқушы, толық емес отбасыдан шыққан 13, көп балалы 52 оқушы;
  • 5-9 сыныптар бойынша жалпы 98 оқушы, соның ішінде  аз қамтылған 8 оқушы, толық емес отбасыдан шыққан 15, көп балалы 75 оқушы;
  • 10-11 сыныптар бойынша жалпы 4 оқушы, соның ішінде  толық емес отбасыдан шыққан 3, көп балалы 1 оқушы.

Қыркүйек айында оқушылардың ыстық тамаққа үзіліс кезінде  уақытылы барып, тамақтануы үшін ыстық тамаққа бару кестесі құрылды. Ыстық тамақтың сапалық құрамы, температурасы  мен дайындалуының белгіленген нормаға сәйкес болуын  күнделікті әлеуметтік педагог, мектеп мейірбекесі жауаптылық қызмет атқарады, ал кестеге сәйкес оқушылардың ыстық тамақпен уақытылы баруын қадағалауда сынып жетекшілер мен мектептің пән мұғалімдері кезекшілікке қойылды. Ыстық тамақпен қамтылған оқушылардың тамаққа бару кестесі бойынша төмендегі көрсетілген сыныптар уақытылы тамақпен қамтамасыз етілді. Мәселен:

  • 9:25-9:40 – 2 және 5 сыныптар;
  • 11:05-11:20 – 8,9 және 10,11 сыныптар;
  • 15:25-15:40 – 3 және 4 сыныптар;
  • 17:05-17:20 – 6 және 7 сыныптар. 

Оқушылардың тамақтану кестесіне сәйкес уақытылы тамақтануы және күнделікті берілетін тамақтың сапасы, құрамы, температурасы  әлеуметтік педагог пен мектеп мейірбекесі бақылап, тексеріп отырды. Әсіресе, оқушылардың денсаулығына қауіпті астардың болдырмауы мен уланудың  алдын алу үшін мектептің әлеуметтік педагогы мен мейірбекесі күнделікті мәзірден сынама  жүргізеді. Сонымен қатар, асхананың жалпы тазалығы, қол жуатын орынның талапқа сай болуы, асханада тиым салынған заттардың сатылымға шықпауы және асхана қызметкерлерінің жай-күйі мен санитарлық-гигиеналық талаптарға сай болуы (арнайы киім формасының болуы, тазалығы т.б.)  бақылауда ұсталынады және кемшілік байқалған сәтте ескертулер беріледі. Асханада қол жуатын орында сабын, асхана залында сағат, температура өлшегіш құрал мен тіркеу журналы, ас мәзір бұрышы, ата-аналардың арыз-шағым, ұсыныс жазатын журналдары  бар. Жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, толық емес, көп балалы отбасыдан шыққан балалардың тегін ыстық тамақпен қаматамасыз етілуі туралы және мектеп асханасының жұмысы мен күн тәртібін белгілеу және сақтау мақсатында комиссия құрамының жұмыс жоспарына сәйкес 03.09.2019 жылы  АКТ  жасалды.

 ЖБББ қорынан ыстық тамаққа бөлінген қаражатты есептен шығару бойынша  ай сайын жасалып отыратын  тебельге сәйкес есептен шығару АКТ-сі жасалып, мектеп директоры мен асхана арендаторымен бекітілді.


Орындаған әлеу.пед. Сапарбек К.С.

87078819597

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив