2023-2024 оқу жылында тегін ыстық тамақпен қамтылған оқушылар туралы мәлімет
2023-2024 оқу жылында тегін ыстық тамақпен қамтылған оқушылар туралы мәлімет
2023-2024 оқу жылының Қыркүйек айы бойынша ыстық тамақ ішетін оқушылардың саны 1-4 сынып жалпы саны 870 оқушы оның ішінде тегін ыстық тамақпен қамтылған оқушы саны 868 (2 оқушы үйден оқу), 5-11 сынып аралығында әлеуметтік мәртебеге ие 183 оқушыны құрады.
1-4 сынып аралығында ыстық тамақпен қамтылған оқушылар саны төмендегідей:
№ | Мектеп | 1-4 сынып аралығында тегін ыстық тамақпен қамтылған жалпы оқушы саны | оның ішінде | |||
1 сынып | 2 сынып | 3 сынып | 4 сынып | |||
1 | №40 ом | 870 оқушы | 233 | 228 (2 оқушы үйден оқиды – 226 ) | 208 | 201 |
5-11 сынып аралығында ыстық тамақпен қамтылған әлеуметтік мәртебеге ие 183 оқушыны құрайды.Төмендегідей:
№ | Мектеп | 5-11 сынып аралығында тегін ыстық тамақпен қамтылған жалпы оқушы саны | Жетім | ААҚҚ | Көп балалы | Аз қамтылған | Толық емес |
1 | №40 ом | 183 оқушы | 2 | 0 | 158 | 6 | 17 |
Оқушылардың тамақтану кестесіне сәйкес уақытылы тамақтануы және күнделікті берілетін тамақтың сапасы, құрамы, температурасы әлеуметтік педагог пен мектеп мейірбекесі бақылап, тексеріп отырады. Әсіресе, оқушылардың денсаулығына қауіпті астардың болдырмауы мен уланудың алдын алу үшін мектептің әлеуметтік педагогы мен мейірбекесі күнделікті мәзірден сынама жүргізеді. Сонымен қатар, асхананың жалпы тазалығы, қол жуатын орынның талапқа сай болуы, асханада тиым салынған заттардың сатылымға шықпауы және асхана қызметкерлерінің жай-күйі мен санитарлық-гигиеналық талаптарға сай болуы (арнайы киім формасының болуы, тазалығы т.б.) бақылауда ұсталынады және кемшілік байқалған сәтте ескертулер беріледі. Оқушылардың асханада көп шоғырлануын болдырмау мақсатында оқушылардың ыстық тамаққа баруы 6 уақытта ұйымдастырылды.