Мамыр айында тегін ыстық тамақтың ұйымдастырылуы туралы мәлімет
Мамыр айында білім алушылардың заңды өкілдерінен «Отбасы және балалар саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 158 бұйрығына сәйкес өтініштері мен құжаттары жүргізілді.
Мамыр айы бойынша ыстық тамақ ішетін оқушылардың саны 331 құрап отыр.
Арендатор есебінен әзірге 24 оқушы ыстық тамақпен қамтылды.
Оның ішінде:
1-4 сынып оқушыларының саны 194;
5-9-11 сынып оқушыларының саны 153.
Асхана қызметкерлерінің жеке медицианалық кітапшалары бар. Тамақ жасауға пайдаланатын заттарды алып келетін фирмалармен жасалған келісімшарттардың бар екендігі де тексерілді.
Мектеп асханасын зерделеу мақсатында аудандық комиссия мүшелерінің қорытындысына сәйкес мектеп асханасының сапалық құрамы, рецикулятордың болмауына және диспансердегі суды ауыстыруға байланысты байланысты ескертулер жасалды. Мектеп асханасының арендаторы М. Жумадиловқа олқылықтардың орнын толтыруға байланысты жұмыс жүргізуге ұсыныстар айтылды.
Мектеп асханасында ата-аналар, ұстаздар, оқушылардың шағымы мен ұсыныстары үшін арыз-шағым дәптері және онлайн арыз-шағымды қабылдау платформасына сілтеме қойылған. Дегенмен, ешқандай арыз-шағым түскен жоқ. Ата-анамен сынып жетекшілер арқылы байланысып, ата-аналардың мектеп асханасындағы ыстық тамақ туралы кері байланыс алып отырмыз. Әзірге, баға-қанағаттанарлық.
Әлеуметтік педагог Е.С. Шайланов