Ыстық тамақпен оқушыларды қамтамасыз етуді ұйымдастыру туралы мәлімет 2022-2023 оқу жылы
Ыстық тамақпен оқушыларды қамтамасыз етуді ұйымдастыру туралы мәлімет
2022-2023 оқу жылы
Жаңа оқу жылында мектебімізде 1718 оқушыны құрады. Мектепте тегін ыстық тамақты ұйымдастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №158 бұйрығы 10-қосымшасының «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызметті көрсету қағидасын басшылыққа ала отырып мектепішілк бұйрық шығарылды. Мектепте мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне сәйкес құжаттар жинақталып, журналға толтырылды. Сонымен қатар, мектепте тегін ыстық тамақпен қамтылатын оқушылар тізімі бекітіліп, құжаттар рәсімделіп, ыстық тамақ ішетін оқушылардың тізімі бекітілді.
Қыркүейк айы бойынша ыстық тамақ ішетін оқушылардың саны 281-ті құрап отыр. Арендатор есебінен әзірге 20 оқушы ыстық тамақпен қамтылды. Оның ішінде 1-4 сынып оқушыларының саны 171 болса, 5-9-11 сынып оқушыларының саны 110 құрайды.
Асханада барлық санитарлық-гигиеналық талаптар сақталған. Нақтырақ айтсақ, асханаға арнайы санитарлық нормаларды сақтау туралы және бетперде тағу туралы белгілер, әлеуметтік арақашықтық сақтау белгілері, антисептиктер орнатылған. Оқушылардың асханада көп шоғырлануын болдырмау мақсатында оқушылардың ыстық тамаққа баруы 4 уақытта ұйымдастырылды. Мысалы:
І ауысым
1-2 сынып оқушылар үшін – 08.30 – 08.45
8-9-11 сынып оқушылары үшін – 10.25 – 10.40
ІІ ауысым
3-4 сынып оқушылары үшін – 14.30 – 14.45
5-7 сынып оқушылары үшін – 16.25 – 16.40.
Оқушылардың тамақтану кестесіне сәйкес уақытылы тамақтануы және күнделікті берілетін тамақтың сапасы, құрамы, температурасы әлеуметтік педагог пен мектеп мейірбекесі бақылап, тексеріп отырды. Әсіресе, оқушылардың денсаулығына қауіпті астардың болдырмауы мен уланудың алдын алу үшін мектептің әлеуметтік педагогы мен мейірбекесі күнделікті мәзірден сынама жүргізеді. Сонымен қатар, асхананың жалпы тазалығы, қол жуатын орынның талапқа сай болуы, асханада тиым салынған заттардың сатылымға шықпауы және асхана қызметкерлерінің жай-күйі мен санитарлық-гигиеналық талаптарға сай болуы (арнайы киім формасының болуы, тазалығы т.б.) бақылауда ұсталынады және кемшілік байқалған сәтте ескертулер беріледі. Асханада қол жуатын орында сабын, асхана залында сағат, температура өлшегіш құрал мен тіркеу журналы, ас мәзір бұрышы, ата-аналардың арыз-шағым, ұсыныс жазатын журналдары бар.
Орындаған: Әлеу.педагог
Шайланов Е.С.
87077712615