Қазан айы бойынша мектеп асханасының ыстық тамақпен қамтамасыз етілуін тексеру және бақылау АКТІСІ
«Алматы облысы білім басқармасының Іле ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
«№40 орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесі
10.10.2022 ж. Боралдай кенті
Мектеп асханасының ыстық тамақпен қамтамасыз етілуін тексеру және бақылау АКТІСІ
Біз, төмендегі құрамдағы комиссия мүшелері: Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары – С.Н. Тазабекова, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – А.Т. Абылгазина, қамқоршылық кеңес мүшесі - Махаметрахимова Айжан, әлеуметтік педагог – Е.С. Шайланов, ата-ана – Әубәкір Айгерім, медбике – З.К. Жанадилова мектеп асханасының ыстық тамақпен қамтамасыз етілуін тексеру мақсатында осы АКТіні жасадық.
Қыркүйек айында ыстық тамақ ішкен оқушылардың саны 308 ді құрады. Оның ішінде:
Сыныптар | Оның ішінде | Жетім | ААҚҚ | Көп балалы | Аз қамтылған | Толық емес |
1-4 | 176 | 0 | 0 | 164 | 5 | 7 |
5-9-11 | 132 | 0 | 0 | 118 | 6 | 8 |
барлығы | 308 | 0 | 0 | 282 | 11 | 15 |
Сонымен қатар, асхананың жалпы тазалығы, қол жуатын орынның талапқа сай болуы, асханада тиым салынған заттардың сатылымға шықпауы және асхана қызметкерлерінің жай-күйі мен санитарлық-гигиеналық талаптарға сай болуы (арнайы киім формасының болуы, тазалығы т.б.) бақылауда ұсталынады және кемшілік байқалған сәтте ескертулер беріледі. Асханада қол жуатын орында сабын, асхана залында сағат, температура өлшегіш құрал мен тіркеу журналы, ас мәзір бұрышы, ата-аналардың арыз-шағым, ұсыныс жазатын журналдары бар. Жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, толық емес, көп балалы отбасыдан шыққан балалардың тегін ыстық тамақпен қаматамасыз етілуі туралы және мектеп асханасының жұмысы мен күн тәртібін белгілеу және сақтау мақсатында комиссия құрамының жұмыс жоспарына сәйкес АКТ жасалды.
Асхананың санитарлық-гигиеналық талаптарға сай болуы мен тиым салынған заттардың сатылымға шықпауы және асхана қызметкерлерінің жай-күйі (арнайы киім формасының болуы, тазалығы т.б.) бақылауда ұсталынады және кемшілік байқалған сәтте ескертулер берілді. Асханада қол жуатын орында сабын, асхана залында сағат, температура өлшегіш құрал мен тіркеу журналы, ас мәзір бұрышы, ата-аналардың арыз-шағым, ұсыныс жазатын журналдары бар.
Комиссия мүшелері:
ДОІЖО С.Н. Тазабекова
ДТІЖО А.Т. Абылгазина
Қамқоршылық кеңес мүшесі А. Махаметрахимова
Әлеуметтік педагог Е.С. Шайланов
Ата-ана Әубәкір Айгерім
Медбике З.К. Жанадилова