Мектеп асханасының ыстық тамақпен қамтамасыз етілуін тексеру және бақылау АКТІСІ
«Алматы облысы білім басқармасының Іле ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
«№40 орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесі
12.09.2022 ж. Боралдай кенті
Мектеп асханасының ыстық тамақпен қамтамасыз етілуін тексеру және бақылау АКТІСІ
Біз, төмендегі құрамдағы комиссия мүшелері: Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары – С.Н. Тазабекова, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – А.Т. Абылгазина, қамқоршылық кеңес мүшесі - Махаметрахимова Айжан, әлеуметтік педагог – Е.С. Шайланов, ата-ана – Әубәкір Айгерім, медбике – З.К. Жанадилова мектеп асханасының ыстық тамақпен қамтамасыз етілуін тексеру мақсатында осы АКТіні жасадық.
Ақпан айы бойынша ыстық тамақ ішетін оқушылардың саны 301 оқушыны құрады.
Сыныптар | Оның ішінде | Жетім | ААҚҚ | Көп балалы | Аз қамтылған | Толық емес |
1-4 | 162 | 0 | 0 | 146 | 12 | 4 |
5-9-11 | 119 | 0 | 0 | 99 | 11 | 9 |
барлығы | 281 | 0 | 0 | 245 | 23 | 13 |
Оқушылардың тамақтану кестесіне сәйкес уақытылы тамақтануы және күнделікті берілетін тамақтың сапасы, құрамы, температурасы әлеуметтік педагог пен мектеп мейірбекесі бақылап, тексеріп отырды. Әсіресе, оқушылардың денсаулығына қауіпті астардың болдырмауы мен уланудың алдын алу үшін мектептің әлеуметтік педагогы мен мейірбекесі күнделікті мәзірден сынама жүргізеді. Сонымен қатар, асхананың жалпы тазалығы, қол жуатын орынның талапқа сай болуы, асханада тиым салынған заттардың сатылымға шықпауы және асхана қызметкерлерінің жай-күйі мен санитарлық-гигиеналық талаптарға сай болуы (арнайы киім формасының болуы, тазалығы т.б.) бақылауда ұсталынады және кемшілік байқалған сәтте ескертулер беріледі.
Асханада барлық санитарлық-гигиеналық талаптар сақталған. Нақтырақ айтсақ, асханаға арнайы санитарлық нормаларды сақтау туралы және бетперде тағу туралы белгілер, әлеуметтік арақашықтық сақтау белгілері, антисептиктер орнатылған. Оқушылардың асханада көп шоғырлануын болдырмау мақсатында оқушылардың ыстық тамаққа баруы 4 уақытта ұйымдастырылды.