Мектеп асханасына тегін ыстық тамақпен қамтылған оқушылардан тамақтандыру мен тамақтандыруды ұйымдастыру жұмыстарының сапасы жөнінде алынған сауалнаманың нәтижесі туралы » №40 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№40 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектеп асханасына тегін ыстық тамақпен қамтылған оқушылардан тамақтандыру мен тамақтандыруды ұйымдастыру жұмыстарының сапасы жөнінде алынған сауалнаманың нәтижесі туралы
17
февраль
2022

Мектеп асханасына тегін ыстық тамақпен қамтылған оқушылардан тамақтандыру мен тамақтандыруды ұйымдастыру жұмыстарының сапасы жөнінде алынған сауалнаманың нәтижесі туралы

Жалпыға бірдей міндетті білім беру қорынан тегін ыстық тамақпен қамтуды ұйымдастырылуы бойынша жылдық жұмыс жоспарына сәйкес ақпайн айының 17 күні тегін ыстық тамақпен қамтылған оқушылардан сауалнама алынды. Сауалнаманы алудағы басты мақсат оқушылардың тегін ыстық тамақпен қамтылуын сапалы ұйымдастыру, мектеп асханасына және берілетін тегін ыстық тамаққа оқушылардың көзқарастарын білу, асхана жұмысының кемшіліктері мен артықшылықтарын анықтау. Сауалнама қағаз түрінде және Google Form платформасы арқылы https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSemsTwQqVWLOXM4LCyQZEpj0dEQ-0HLiRxw-4GSvf9_xIZgnQ/viewform?usp=sf_link  сілтемесі арқылы өткізілді.  Сауалнамаға 1-11 сынып оқушыларының тегін ыстық тамақпен қамтылған оқушылары қатысты, қағаз түрінде алынған сауалнамаға қатысуқандар саны – 34 оқушы, Google Form платформасында электронды түрде сауалнамаға қатысқан оқушылар саны -   150. Жалпы саны – 184 оқушы, ыстық тамақ ішетін оқушылардың 91,6 пайызы. 

Нәтижесінде(сұрақтар бойынша):

  1. Мектеп асханасының эстетикалық жабдықталуы көңіліңнен шығады ма?


Иә – 133 оқушы, 

жоқ – 17 оқушы. 

Қорытынды: асханасының эстетикалық жабдықталуы – өте жақсы.

  1. Мектеп асханасында тегін берілетін ыстық тамақтың сапасына қандай баға берер едің?


§ Өте жақсы – 26 оқушы.

§ Жақсы – 68 оқушы.

§ Орташа – 43 оқушы.

§ Қанағаттанарлық – 13 оқушы.

Модасы – жақсы. 

Қорытынды: Мектеп асханасында тегін берілетін ыстық тамақтың сапасы – жақсы.

  1. Мектеп асханасындағы тағам сапасын 1-10 арасындағы шкала бойынша бағалаңыз.


 Модасы – 10 балл

арифметикалық ортасы – 7,4 балл. 

Қорытындысы – жақсы. 

  1. Асхана қызметкерлері сенімен сыпайы сөйлеседі ме?

Иә – 130 оқушы

Жоқ – 20 оқушы.

Қорытындысы – асхана қызметкерлерінің оқукшылармен қарым-қатынасы жақсы. Дегенмен, 20 оқушының жоқ деуі себепті, асхана қызметкерлерімен түсіндерме жұмыстары жүргізілді.


5. Асханада тегін ыстық тамақ көрсетілген уақытта кесте бойынша (уақытылы) дайын болады ма?


Иә – 143 оқушы. Жоқ – 7 оқушы. Қорытынды асханада тегін ыстық тамақ уақытылы беріледі.

6. Мектеп асханасының жұмысын жақсарту үшін өз ұсынысыңды жаз. Келіп түскен ұсыныстар(ұсыныстар қателігі мен мазмұнына респондент жауап береді:):

«Самса дегендердің бағасы балаларға қол жетімді болсын. Басқа сусындар көбейсін. Жəнеде Самсаның ішіндегі ет, сыр көбірек мол болсын. Жəне самса көбірек болсын. Бұрыңғыдай шоколод қосылсын. Ыстық тамақта каша, ботқа деген тамақ алынсын. Ыстық тамақ балаларға ұнайтындай болсын. Асхана 5 сабақ біткенше ашық болсын. Менің айтқанымды істесеңіздер асхана өте күшті асханалардын бірі болады. Менің өзімнің қалауым осы. Сіздерге рахмет!».

«Сусын түрлерін берсе. Иогуртты жиі берсе».

«Тамақтың дәмді жасалуына көңіл бөлу керек .Балаға дөрекілік көрсетпей сыпайы болу қажет.Ең бірінші асхананың тазалығы».

«Тамаққа ночинканы аз салады, бұрыңғыдай емес. Мысалы,булычкаларға начинкасын аз салады. Бұрында молынан,тойымды болған».

«Компоты табиғы болса котлет қосса самса сосиска қосса пюре қосса банан қосса пироктар болса манты қосса».

«Менин усынысым тамактан турлери әр түрлі бирак арасында айран самса сүт берсе деп ойлаймын».

Қағаз түрінде алынған 34 сауалнаманың қорытындысы осыған жанасады. 

Электронды және қағаз түрінде алынған сауалнама нәтижесінде асхангада оқушыларды тегін ыстық тамақпен қамту барысында  төмендегідей ұсыныстарды ескеру қажет:

Ас мәзіріне сүт өнімдері, жеміс-жидек пен көкөніс салаттарын қосу;

Тағамға қосылатын өнімдердің мөлшерін ұлғайту және тағам сапасын бақылау бойынша жұмыстарды күшейту; 

Асханадағы сусын түрлерін молайту және асхана қызметкерлірінің оқушылармен қарым-қатынасы туралы түсіндерме жұмыстарын ұйымдастыру.






Әлеуметтік педагог                        Шайланов Е.С.

Асхана әкімшілігі                                                           








Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив