Мектеп асханасына тегін ыстық тамақпен қамтылған оқушылардан тамақтандыру мен тамақтандыруды ұйымдастыру жұмыстарының сапасы жөнінде алынған сауалнаманың нәтижесі туралы » №40 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№40 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектеп асханасына тегін ыстық тамақпен қамтылған оқушылардан тамақтандыру мен тамақтандыруды ұйымдастыру жұмыстарының сапасы жөнінде алынған сауалнаманың нәтижесі туралы
14
сентябрь
2021

Мектеп асханасына тегін ыстық тамақпен қамтылған оқушылардан тамақтандыру мен тамақтандыруды ұйымдастыру жұмыстарының сапасы жөнінде алынған сауалнаманың нәтижесі туралы




Жалпыға бірдей міндетті білім беру қорынан тегін ыстық тамақпен қамтуды ұйымдастырылуы бойынша жылдық жұмыс жоспарына сәйкес қыркүйек айының 14 күні тегін ыстық тамақпен қамтылған оқушылардан сауалнама алынды. Сауалнаманы алудағы басты мақсат оқушылардың тегін ыстық тамақпен қамтылуын сапалы ұйымдастыру, мектеп асханасына және берілетін тегін ыстық тамаққа оқушылардың көзқарастарын білу, асхана жұмысының кемшіліктері мен артықшылықтарын анықтау. Сауалнамаға 1-11 сынып оқушыларының тегін ыстық тамақпен қамтылған оқушылары қатысты, жалпы саны  82 оқушы. Бұл ыстық тамақ ішетін оқушылардың 57,3 пайызын құрайды. Сауалнама төмендегідей сұрақтардан тұрды:
 1.      Мектеп асханасының эстетикалық жабдықталуы көңіліңнен шығады ма?

2.        Мектеп асханасында тегін берілетін ыстық тамақтың сапасына қандай баға берер едің?

3.        Мектеп асханасындағы тағам сапасын 1-10 арасындағы шкала бойынша бағалаңыз.

4.        Асхана қызметкерлері сенімен сыпайы сөйлеседі ме?

5.        Асханада тегін ыстық тамақ көрсетілген уақытта кесте бойынша (уақытылы) дайын болады ма?

6.        Мектеп асханасының жұмысын жақсарту үшін өз ұсынысыңды жаз.

Нәтижесінде:

1-сұрақ бойынша иә деген жауапты  76 оқушы, жоқ деген жауапты 6 оқушы жоқ деген жауапты белгілеген. Бұл дегеніміз мектеп асханасының эстетикалық жабдықталуы өте жақсы екендігін білдіреді. 

2-сұрақ бойынша өте жақсы-12 оқушы, жақсы 51 оқушы, орташа 8 оқушы, қанағаттанарлық деп 1 оқушы жауап берген. Қорытынды мектеп асханасында тегін берілетін ыстық тамақтың сапасы – жақсы.

3-сұрақ бойынша мектеп асханасындағы тағам сапасын 1-10 арасындағы шкала бойынша бағалауы. Модасы – 7, арифмектикалық ортасы 8,6. Яғни мектеп асханасындағы тағам сапасы – жақсы, 8,6 балл.

4-сұрақ бойынша асхана қызметкерлерінің сыпайы сөйлесуі иә – 68 оқушы, жоқ – 14 оқушы. Бұл дегеніміз асхана қызметкерлерінің сыпайы сөйлеседі, оқушылармен жақсы қарым-қатынапста дегенді білдіреді. Дегенмен,   жоқ деп жауап берген 14 оқушы кей жағдайларда мектеп асханасы қызметкерлерінің кей жағдайларда оқушыларға негативті эмоция көрсеткендігін байқатады. Мектеп асхана қызметкерлерімен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

5-сұрақ бойынша мектеп асханасында ыстық тамақтың уақытылы дайын болуы туралы сұраққа иә – 63 оқушы, жоқ -9 оқушы. Дегенмен, мектеп асханасын бақылау барысында ыстық тамақтың уақытылы берілетіні анықталды. Оқушыларға ыстық тамаққа уақытылы келу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

6-сұрақ бойынша. Оқушылар сауалнамада мектеп асханасынығ жұмысын сапалы ұйымдастыру бойынша төмендегідей ұсыныстар көрсеткен:

  1. Жеміс-жидектердің ас мәзіріне қосылуы;
  2. Сүт өнімдері, оның ішінде айран,сүзбеше берілуі;
  3. Витаминді салатты ас мәзіріне қосу;
  4. Асханадағы өнімдердің бағасын төмендету;
  5. Асханадағы қызметкерлердің санын көбейту. 

Алынған сауалнамадан шығатын қорытынды:

  • Мектеп асханасының эстетикалық жабдықталуы-өте жақсы.
  • Мектеп асханасында тегін берілетін ыстық тамақтың сапасы – жақсы.
  • Асхана қызметкерлері сыпайы. 
  • Мектеп асханасында ыстық тамақтың уақытылы дайын болады. 

Сауалнама нәтижесінде асхана жұмысын ұйымдастыруда төмендегідей ұсыныстарды ескеруді сұраймыз:

  1. Ас мәзіріне сүт өнімдері, жеміс-жидек пен көкөніс салаттарын қосу;
  2. Асхана өнімдерінің бағасын төмендету;
  3. Асхана қызметкерлерінің саны, қарым-қатынасы жайлы түсіндерме жұмыстарын ұйымдастыру.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив