Оқушыларға » Страница 6 » №40 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№40 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
"ЖЕТІСУ ЖҰЛДЫЗДАРЫ "
10
июнь
2022
"ЖЕТІСУ ЖҰЛДЫЗДАРЫ "
"ЖЕТІСУ ЖҰЛДЫЗДАРЫ " байқауынан аудандықтан облысқа өтіп, облыстық кезеңнен бас жүлдеге ие болып, 100000 теңге ақшалай марапатқа ие болған Рахмет Райымбек пен 1-орын мен 70000 теңге марапатты иеленген Құдайберген Аяжанды жеңістерімен құттықтаймыз 👏👏 Мектеп, аудан намысын қолдан бермеген өнерпаздарымыздың өнері өрге жүзсін
"Түлек 2022 - Жаңа Қазақстанның ертеңі"
25
май
2022
"Түлек 2022 - Жаңа Қазақстанның ертеңі"
Мектебімізде 25.05 күні "Түлек 2022 - Жаңа Қазақстанның ертеңі" атты 2021-2022 оқу жылының соңғы қоңырау салтанатты жиыны болып өтті. Түлектеріміздің "Соңғы мектеп вальсі", жүрекжарды тілектері, болашаққа деген үлкен үмітін көгершіндерді ұшырумен сипаттаған сәттері және Соңғы қоңырау үні мәңгі жадында сақталары сөзсіз! Оқу жылының сәтті аяқталуы баршамызға құтты болсын, жас түлектерге сәт-сапар тілейміз.
«Жарқыраған жарық  жұлдыздар»
23
май
2022
«Жарқыраған жарық жұлдыздар»
№40 орта мектепте 23.05 күні Үздік және Дарынды оқушыларға арналған «Жарқыраған жарық жұлдыздар» атты шеру болып өтті. Мектебіміздің аудан, облыс, республика деңгейіндегі "Зерде", "Дарын", пәндік олимпиада жеңімпаздары жетекшілерімен бірге марапатталды. Оқушылар мен ұстаздар өз жетістіктері үшін мақтанып-марқайып қайтты.
II Республикалық "Мәшһүр Жүсіп оқулары"
14
май
2022
II Республикалық "Мәшһүр Жүсіп оқулары"
Сүйінші, керемет жаңалық‼️‼️‼️Мектебіміздің 9 сынып оқушысы Медетақын Марғұлан Павлодар облысы, Екібастұз қаласында өткен II Республикалық "Мәшһүр Жүсіп оқулары" байқауынан 2-орынға ие болды. Мектебіміздің, ауданымыздың, облыс мәртебесін көтерген Марғұланымыздың жеңісі құтты болсын! Осындай дарынды оқушы дайындаған қазақ тілі мұғалімі Әуренбаева Торғын Төлегенқызының еңбегі ерен! Құтты болсын
"Жетісу жұлдыздары"
20
апрель
2022
"Жетісу жұлдыздары"
Мектебіміздің өнерпаз оқушылары аудандық "Жетісу жұлдыздары" байқауында Бекет Аяулым күй номинациясы бойынша бас жүлде,Құдайберген Аяжан эстрадалық вокал номинациясы бойынша бас жүлде, Сулейменова Эльдана күй номинациясы бойынша 1 орын, Рахман Райымбек дәстүрлі ән номинациясы бойынша 1-орын, Әбілғазы Назерке күй номинациясы бойынша 3-орын алды, құттықтаймыз. Бас жүлде, 1-орын алған өнерпаздар облыстық кезеңге жолдама алды, сәттілік тілейміз.
Тейквандо спорттық жарысы бойынша облыстық турнирден 1-орын
14
март
2022
Тейквандо спорттық жарысы бойынша облыстық турнирден 1-орын
Мектебіміздің 5 "Б " сынып оқушысы Сәрсенбаев Дамир тейквандо спорттық жарысы бойынша облыстық турнирден 1-орынды иеленді, құттықтаймыз! Осындай спортшы, дарынды оқушыларымыз көп болсын.
Төлеген Айбергенов оқулары
14
март
2022
Төлеген Айбергенов оқулары
Аудандық Төлеген Айбергенов оқуларына сурет номинациясы бойынша қатысып, жүлделі 3-орынға ие болған 8 сынып оқушысы Сулайманова Сабинаны құттықтаймыз.Жетекші: Тундебаева Н. Қ.
"Әбіш оқулары-2022"
07
март
2022
"Әбіш оқулары-2022"
Аудандық "Әбіш оқулары-2022" байқауынан ән номинациясы бойынша 2 орын алған 5 "В" сынып оқушысы Құдайберген Аяжанды құттықтаймыз.
"Magynaly tik-tok"
17
февраль
2022
"Magynaly tik-tok"
Құрметті достар, назарларыңызға "Magynaly tik-tok" жобасының ең үздік жұмыстарын ұсынамыз. Олар: 10 "Ә", 9 "В", 8 "В" сыныптары, жарайсыздар
"Айтып өткен ақында арман бар ма? " номинациясы бойынша 2-орын алған
16
февраль
2022
"Айтып өткен ақында арман бар ма? " номинациясы бойынша 2-орын алған
Аудандық Мұқағали оқуларынан "Айтып өткен ақында арман бар ма? " номинациясы бойынша 2-орын алған 8 Г сынып оқушысы Ыстыбаев Елдидар мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Малибаева Самал ұстазды құттықтаймыз. Шығармашылықтарыңыз шыңдала берсін