Оқушыларға » Страница 2 » №40 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№40 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Абайлаңыз, балақай!”
07
сентябрь
2023
“Абайлаңыз, балақай!”
Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында “Абайлаңыз, балақай!” апталығы аясында жол полиция қызметкерлерімен кездесу өткізіліп, оқушыларға “Жаяу жүргінші” жолағы мен “Балалар” жол белгісі түсіндіріліп, көрсетілді.Қауіпсіз жол қозғалысы туралы әңгіме өткізіліп, оқушылармен жол қауіпсіздігі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Бразилияның Рио де Жанейро қаласында өткен Дүниежүзілік
04
сентябрь
2023
Бразилияның Рио де Жанейро қаласында өткен Дүниежүзілік
20-28 тамыз аралығында Бразилияның Рио де Жанейро қаласында өткен Дүниежүзілік жасөспірімдер арасындағы гимназиядада Алматылық 4 жасөспірім жүлделі орынға ие болып, Қазақстанның кез келген оқу орнына грант ұтып алды! Оны бірі #40 орта мектебінің 9 Б сынып оқушысы Нұрғожа Едіге. Еліміздің атын әлемге шығарып, намысын қорғаған Едігені ұлы жеңісімен құттықтаймыз, әлі де талай тартыстарда Қазақстанымыздың атын шығара бер! демекпіз.
"Мен СЛЕТ-2023 барамын!"
10
май
2023
"Мен СЛЕТ-2023 барамын!"
"Мен СЛЕТ-2023 барамын!"⭕Мен слетке не үшін барамын?◾Басқа мектептердің өзін-өзі басқару ұйымдарының жұмыс тәжірибелерімен танысу үшін; ◾Жаңа достар мен таныстық үшін; ◾Коммуникативті дағдыларымды дамыту үшін; ⭕Маған слет не береді? ◾Hard және Soft skillsтарымды дамытады; ◾Көшбасшылық қасиеттерімді дамытады; ◾Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының жұмысын ұйымдастырудың инновациялык әдістерін үйренемін; ⭕Мен слетке не беремін? ◾Слеттің өтуінде ерікті болып мектебіміздің өзін-өзі басқару ұйымының
"Еркін ел ұрпағы"
04
май
2023
"Еркін ел ұрпағы"
4 мамыр күні сағат 11:00-де мамыр мерекелері мен жеңіс күні қарсаңында қазақстандықтардың қатысуымен "Еркін ел үрпағы" атты жалпыұлттық, патриоттық диктант өтеді.Мақсаты: Еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін дәріптеу, ұлттық құндылықтар мен ұлттық мұраттарды бойына сіңірген патриоттық рухтағы ұрпақ тәрбиелеу Диктант жазушылардың жас және тілдік ерекшеліктеріне шек қойылмайды.
"Алаш" командасын құттықтаймыз
03
май
2023
"Алаш" командасын құттықтаймыз
Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне 31 жыл толуына және Ұлы Отан соғысының 78 жылдығына орай ұйымдастырылғанаудандық ҮЛКЕН мектептер арасында өткізілген "Жас Ұлан-2023ж" байқауына қатысып, жүлделі 2-орынға ие болған #40 ОМ оқушыларынан құралған "Алаш" командасын құттықтаймыз
"Бала құқығы - адам құқығы”
24
декабрь
2022
"Бала құқығы - адам құқығы”
"Бала құқығы - адам құқығы” айлығы аясында бала құқықтарын қорғау жөніндегі Балалар өкілдігінің президенті Айдарбекқызы Айша оқушылармен олардың құқықтары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.Түсіндіру барысында оқушыларға өздеріне қатысты құқықбұзушылық орын алған жағдайда кімге хабарлау керек, қандай әрекеттер жасау керектігі туралы мәліметтер берілді.
"Ұлы өнер тапқыштарға алғашқы қадам"
01
декабрь
2022
"Ұлы өнер тапқыштарға алғашқы қадам"
"Ұлы өнер тапқыштарға алғашқы қадам" облыстық байқауда 1-орынға ие болып, 150000 теңгелік сертификат ұтып алған 10-сынып оқушысы Сулубеков Диастың жеңісімен құттықтаймыз. Осындай дарынды оқушыларымызбен мақтанамыз.Жетекшісі: Керимбекова Г.Х.
Салауатты өмір салты фракциясы
30
ноябрь
2022
Салауатты өмір салты фракциясы
30.11.2022 жылы мектеп медбикесі З.Жанадилова мен өзін-өзі басқару ұйымының салауатты өмір салты фракциясы 1-4 сыныптарға дерматофития тері ауруының алдын алу, қорғану шаралары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Облыстық "Зерде" ғылыми жобалар байқауының жеңімпазы
17
ноябрь
2022
Облыстық "Зерде" ғылыми жобалар байқауының жеңімпазы
Тағы бір облыстық "Зерде" ғылыми жобалар байқауының жеңімпазы, жас ғалым 3-сынып оқушысы Бекенұлы Санжар орыс тілі пәні бойынша 2-орынға ие болды, құтты болсын. Жетекшісі: Шарипова Гүлназ Амангелдиевна