Жетістіктеріміз » Страница 7 » №40 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№40 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Спорт шеберлігіне кандидат "
09
февраль
2023
"Спорт шеберлігіне кандидат "
Алматы қаласы спорт басқармасының шешімімен мектебіміздің 8 "Б" сынып оқушысы Нұрғожа Едігеге Қазақстан Республикасының "Спорт шеберлігіне кандидат " спорттық атағы берілді.Осындай мықты оқушылардың біздің мектебімізде оқитынына мақтанамыз және Едігеге Қазақстан намысын қорғайтын үлкен спортшы болуына тілектеспіз.
"Wilo Central Asia"
09
февраль
2023
"Wilo Central Asia"
2022 жылы "Wilo Central Asia" компаниясының демеушілігімен жоғары сапалы неміс сорғыш қондырғысы орнатылған болатын. Осыған орай, сервис бөлімінің басшысы Руслан Нагаев Равильевич арнайы келіп, мектеп ұжымымен кездесті. Кездесу барысында кент әкімі Данияр Төлеуханұлы жетекші компанияға алғыс айтты, мектеп директоры Гүлзира Болатовна барша ұжым атынан компанияның бас директоры Азат Джалаировқа алғыс хат табыстады.
“Жас мерген-2023”
09
февраль
2023
“Жас мерген-2023”
Кеңес әскерлері шектеулі контингентінің Ауған жерінен шығарылғанына 34 жыл толуына орай ұйымдастырылған, аймақтық “Жас мерген-2023” пневматикалық винтовкадан оқ атудан өтізілген сайыста 3-орын Бекет Аяулым және 2-орын Серік Нұрәлі алды.
«Алтын Тұғыр» республикалық олимпиадасы
09
февраль
2023
«Алтын Тұғыр» республикалық олимпиадасы
Ағымдағы жылдың 5-6 қаңтар аралығында Астана қаласында №92 мектеп-лицейінде жалпы білім беру ұйымдарының бастауыш сынып педагогтерінің қатысуымен «Алтын Тұғыр» республикалық олимпиадасы өтті. Алматы облысының бастауыш сынып мұғалімдері қатысып, нәтижесінде №40 ОМ Б.Алгожаева 3- орынды иеленді, құтты болсын. Еңбегіңіз жана берсін.
"Үздік АӘТД пәні оқытушысы-ұйымдастырушысы- 2023"
07
февраль
2023
"Үздік АӘТД пәні оқытушысы-ұйымдастырушысы- 2023"
Аудандық "Үздік АӘТД пәні оқытушысы-ұйымдастырушысы- 2023" аудандық байқауынан Мәжіт Елтай Атбекетұлы жүлделі 3 орын алды, құттықтаймыз.
«Ақ киімді денелі, ақ сақалды»
06
февраль
2023
«Ақ киімді денелі, ақ сақалды»
Мектебімізде кітапханашылардың ұйымдастыруымен 10.01.2023 ж күні «Ақ киімді денелі, ақ сақалды» атты қыс мезгіліне байланысты мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Сайысқа бастауыш сынып оқушылары қатысты.Оқушылар Абай Құнанбаевтың жыл мезгілдеріне арналған өлеңдерімен танысты. Ақынның өмірбаяны туралы бейнеролик көрсетілді. Соның ішінде «Қыс», «Жаз», «Күз» ,«Жазғытұры» және көптеген өлеңдері оқылды. Оқып танысқан өлеңдері оқушылардың көңілдерінен шығып, қызығушылықтарын оятты. Оқыған өлеңдерінің
"Сабақты тиімді жоспарлау арқылы оқыту мен оқу тәжірибесін тиімді жақсарту "
03
февраль
2023
"Сабақты тиімді жоспарлау арқылы оқыту мен оқу тәжірибесін тиімді
3.02.2023 күні #40 орта мектепте "Сабақты тиімді жоспарлау арқылы оқыту мен оқу тәжірибесін тиімді жақсарту " тақырыбында аудан көлемінде семинар өткізілді.Мақсаты: оқыту мен оқуда белсенді сабақ- табысты сабақтың алғышарттарының бірі ретінде іс-тәжірибесімен өзара алмасу.Семинарға келген қонақтар білім қоржынын жаңа тәжірибемен толықтырды.
"Жас келсе-іске"
30
январь
2023
"Жас келсе-іске"
Жас математика пәні мұғалімдерін қолдау және әдістемелік көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылған "Жас келсе-іске" байқауында теориялық білімі мен ғылыми-әдістемелік шеберлігі арқасында 3-орынға ие болған Қасымова Ақбөпе ұстазды құттықтап, шығармашылық шабыт тілейміз
«Оқушылардың психологиялық денсаулық»
25
январь
2023
«Оқушылардың психологиялық денсаулық»
«Оқушылардың психологиялық денсаулық» онкүндігі аясында “Біз бақытты баламыз!” атты тақырыбында флешмоб байқауы өткізілді.Байқаудың мақсаты: оқушыларды сахна мәдениетіне үйрету, оқушылардың бойындағы психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру.
«Педагогикалық дебют»
23
январь
2023
«Педагогикалық дебют»
«Педагогикалық дебют»Ағымдағы жылдың 18 қаңтар күні жас педагогтердің шығармашылық еркіндік кеңістігін, зерттеушілік ізденістің бағытын таңдау, өзін-өзі көрсету, тұлғалық және кәсіби дамуын қалыптастыру мақсатында Қонаев қаласы, Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп базасында «Педагогикалық дебют» атты байқауы өтті.Қазылар алқасының шешімімен мектебіміздің жас маманы байқау жеңімпазы деп танылды:🥉ІІІ орын Іле ауданы «№40 орта мектебі Болат Аида иеленді, құттықтаймыз Жетекшісі: Әуренбаева Торғын