06
февраль
2023
«Ақ киімді денелі, ақ сақалды»
Мектебімізде кітапханашылардың ұйымдастыруымен 10.01.2023 ж күні «Ақ киімді денелі, ақ сақалды» атты қыс мезгіліне байланысты мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Сайысқа бастауыш сынып оқушылары қатысты.Оқушылар Абай Құнанбаевтың жыл мезгілдеріне арналған өлеңдерімен танысты. Ақынның өмірбаяны туралы бейнеролик көрсетілді. Соның ішінде «Қыс», «Жаз», «Күз» ,«Жазғытұры» және көптеген өлеңдері оқылды. Оқып танысқан өлеңдері оқушылардың көңілдерінен шығып, қызығушылықтарын оятты. Оқыған өлеңдерінің нәтижесі өте жоғары деңгейде деп бағаланды.Кітапханашылар:
Тугелова Ж.О.
Байғожа Г.Н.