Online Mektep-тегі үздік ТЖБ» республикалық байқауының нәтижесі » №40 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№40 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Online Mektep-тегі үздік ТЖБ» республикалық байқауының нәтижесі
25
март
2021

Online Mektep-тегі үздік ТЖБ» республикалық байқауының нәтижесі

Online Mektep-тегі үздік ТЖБ» республикалық байқауының нәтижесі

2021 жылдың 1 – 16 наурыз аралығында өткен «Online Mektep-тегі үздік ТЖБ» республикалық байқауына мектебімізден қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Әуренбаева Торғын Төлегенқызы қатысты. Бұл байқауға Қазақстандағы орта білім беретін педагогтердің барлығына қатысуға  мүмкіндіктер жасалған. Байқау мақсаты - оқушылардың білімін жиынтық бағалауды ұйымдастыру бойынша педагогтердің тәжірибе алмасуы және бөлісуі. 
Байқау шарттары: Байқауға қатысушылардың барлығы OnlineMektep.org білім беру сервисіне тіркелуге тиісті. Қатысушының байқауға жолдайтын жұмысының саны шектелмейді, бұл ретте бір жұмысты тек бір рет жіберуге (жүктеуге) болады. Байқауға жолданған жұмыстар Online Mektep.org сайтында жиынтық бағалау бойынша авторлық әзірлемелерді жариялау тәртібі туралы ережеде көрсетілген талаптарға сай болуға тиісті. Ережеге сәйкес  100, 500 немесе 1000 реттен көп жүктелген байқауға қатысушы электрондық сертификатқа ие болады. І деңгейлі сертификаттар (1000 және одан көп жүктелім). ІІ деңгейлі сертификаттар (500–1000 жүктелім). ІІІ деңгейлі сертификаттар (100–500 жүктелім). Байқауға қатысу үшін қатысушы: Байқауды өткізу қағидалары мен авторлық әзірлемелерді жариялау тәртібі туралы ережені мұқият оқып, танысып, пән, сынып бойынша өз БЖБ/ТЖБ-сын құрастыруы тиіс. 
Осы байқауға Әуренбаева Торғын Төлегенқызы әріптесіміз қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 8, 10-сыныптар бойынша ТЖБ жұмыстарын құрастырып салған болатын. Нәтижесінде 8-сыныптың қазақ тілі пәні бойынша құрастырған ТЖБ жұмысы 763 жүктелім жасап, ІІ деңгейлі сертификатқа, 10 – сыныптың қазақ тілі пәнінен құрастырған ТЖБ жұмысы 490 жүктелім жасап, ІІІ деңгейлі сертификатқа ие болды. 
Жүлдегер әріптесімізді құттықтай отырып, шығармашылық табыс тілейміз.


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив