01
март
2021
«Жаңашыл мұғалім – 2020» республикалық байқауына мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Әуренбаева Торғын Төлегенқызы қатысты. Ұстазымызға шығармашылық табыс пен сәттілік тілейміз!
Мұғалімнің әлеуметтік және кәсіби оң имиджін қалыптастыру, педагогикалық инновацияларды қолдау және көтермелеу және оқытудың барлық форматын: дәстүрлі, қашықтан және аралас оқыту форматтарын жетілдіру мақсатында ұйымдастырлған «Жаңашыл мұғалім – 2020» республикалық байқауына мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Әуренбаева Торғын Төлегенқызы қатысты.
Байқауға қатысушы ұстазымыз OnlineMektep.org , bilimland.kz білім беру ресурстарына жазылып, байқауға өзінің видеосабағын жолдады. Жұмысын байқау талаптарына сәйкес орындап, бейнематериалдарын OnlineMektep.org және bilimland.kz сайттарында, әлеуметтік желілерде толық немесе ішінара жариялауға келісім береді. Байқау нәтижесі бойынша Торғын Төлегенқызы «Алғыс хатпен» марапатталды. Мектеп ұжымы шын жүректен құттықтаймыз! Биік шыңдарды бағындыра беріңіз!