10
август
2020
"10 тамыз АБАЙ КҮНІ" 175 жыл
Барша адамзаттың ұлы тұлғасына айналған ұлылардың ұлысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы арналған мерекелік іс-шараларға үлес қосу мақсатында Боралдай кентіне қарасты #15,17, 39,40 орта мектептер ұжымы айтулы шара ұйымдастырды. 2020 жылдың тарихында қалатын бұл мерейтойдың орны ерекше.
Жаңалыққа құмар ұстаздар қауымы ұлы ақынның сырлы өлеңдерін оқып, әсем әндерін орындап, дара тұлғаға тағзым етті. Ұлыларды ұлықтау- дана халқымыздың бойына сіңген асыл қасиет. Біз де осындай киелі дәстүрімізді сақтай отырып, ұлы ақынның шығармашылығын насихаттауға дайынбыз.
Қанша уақыт өтсе де, өзіндік құнын жоғалпайтын сырлы әлемнің данышпаны Абайдың ұрпағы болу- біз үшін үлкен мақтаныш.
Ұлы даланың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының ұлы мұр]асы халық жадында мәңгілік қалары сөзсіз.