10
февраль
2020
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің бірлестігінің онкүндігінің ашылуы
10 ақпан күні №40орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігі онкүндігінің ашылуы болып өтті. Онкүндіктің ашылуы этноауылға саяхат арқылы ұйымдастырылды. 2020 жылдың маңызды оқиғалары мен мерейтойларда кештен көрініс тапты. Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы мен әл-Фарабидің 1150 жылдығы да назардан тыс қалмады. Тағылымы мен тәрбиесі мол бұндай шара оқушылардың ерекше ынтасын оятты. Онкүндік ары қарай өзіндік идеясымен жалғасатын болады.