Сыбайлас жемқорлық - еліңе қорлық » №40 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№40 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Сыбайлас жемқорлық - еліңе қорлық
14
декабрь
2020

Сыбайлас жемқорлық - еліңе қорлық

Алматы облысы, Іле ауданы, Боролдай кенті №40 ОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Башимбаева Ләйлә Нұрланқызы


Сыбайлас жемқорлық – еліңе қорлық

Сыбайлас жемқорлық – бүгінгі заманның дерті. Ол заман ағысымен пайда болып, келе жатқан ақша мен бәсекелестіктің айрылмас жолдасы болған індеттің бірі. Бұл індет біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр. Бiз өмір сүріп жатқан қоғамда түбегейлі шешімін таба алмай жүрген әлеуметтік мәселе , ол – коррупция. Елiмiзде осы мәселеге арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан жұмыстар да баршылық, бiрақ бұл мәселе әлi толық шешiмiн тапқан жоқ.

Әрине, сыбайлас жемқорлық дәрі беріп емдейтін сырқат емес. Айналасындағы салауатты, таза және сау ортаны ұйымдастырып, тынысты тарылтатын заңсыз әрекеттермен қоғамдық ортаның және мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, дара кәсіпкерлердің, азаматтардың қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті дертті болдырмаудың тетігі халықтың өзінде. Бұл дерттің алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеу керек. Ол үшін аталған дертке болып, ат салысып, қарсы жұмылуымыз қажет. 

         Бұл дерттің алдын алуға біздің мектеп қолынан келгенше өз үлесін қосуда. Мектебімізде сыбайлас жемқорлыққы қарсы түрлі шаралар өтуде, соның ішінде «Адал ұрпақ» еріктілер клубы жұмысын атап өтсе болады. Клубымыздың мақсаты: Мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын нығайту, оқушылардың білімі және мәдени деңгейін арттыру. 8-сынып оқушыларынан тұратын клубмүшелері мектепте мәдени шаралар жиі ұйымдастырып отырады.

Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен осы жылдың екінші қыркүйегінде  Әл Фарабидің туғанына 1150 жыл, Абайдың 175 жылдығы, Конституцияға 25 жыл толуына орай, осы жылдың жиырма тоғызыншы қыркүйегінде Ренат Бектуровпен «Адалдық сағаттары» өткізілді. Сондай ақ қазан айының 15-ші жұлдызында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бастамасымен "Ар-намысты арқалаған рухты батыр Бауыржан" тақырыбында адалдық сағаты; қараша айының 2-і күні "Ардақ Назаровпен адалдық сағаты" өткізілді. Шаралардың негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттілік пен адал еңбекті насихаттау.

Мектебіміз оныншы қараша күні Алматы облысы білім басқармасы, Іле ауданы Білім бөлімінің ұйымдастыруымен "Адал еңбектің жарқын бейнесі" тақырыбында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сурет байқауына қатысты. Байқау нәтижесінде оқушылардың бұл індетке қарсылығын бейнелеген ақыл-ой жұмыстары  көңіл қуантты. Сондай ақ осы айдың 17-ші жұлдызында аудандық Білім бөлімінің ұйымдастыруымен "Stop жемқорлық!" тақырыбында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сурет және бейнеролик байқауына белсене атсалысты. Бұл шаралардың барлығы Қазақстанның болашағы – жас ұрпақтың жүрегіне тазалық дәнін сеуіп кеткендігі анық .

Оқушылар ғана емес, сонымен қатар аталмыш шараға ұжым да белсене атсалысты. Мектеп бойынша 25-ші қарашада Жетісу адалдық алаңының ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында онлайн сауалнама жүргізілді. Мектеп ұжымы 100 % қатысты. Сондай ақ қыркүйек және қазан айларында мектеп ұжымын "Ақша жинамау туралы" бұйрықпен таныстырып, онлайн түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 

Біздің қоғамды құрайтын әрбір адам, әрбір мекеме осы қоғамда белең алған сыбайлас жемқорлықпен күресуді өзінен бастаса, бұл дерттің де шипасы табылары анық! Жемқорлыққа қарсы шаралар өз деңгейінде өткізілуі тиіс деп ойлаймын. Әр адам ҚР азаматы ретінде оған өз үлесін қосуы,оған атсалысуы, жауапкершілікті сезінуі керек! Қоғамда әділеттілік орнату өз қолымызда!

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив