28
ноябрь
2022
“Бала құқығы - адам құқығы”
“Бала құқығы - адам құқығы” республикалық онкүндігі аясында мектеп инспекторы М.Ахметов 8-10 сынып оқушыларымен кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, мектеп ережелеріне бағыну, зиянды әдеттерден аулақ болу туралы профилактикалық жұмыстар жүргізді. Оқушылар инспекторға сұрақтар қойып, құқықбұзушылыққа, бопсалауға ұшыраған жағдайда кімге хабарлау қажеттігі туралы мәлімет алды.