06
май
2026
"Үздік информатика пәні мұғалімі - 2026" облыстық кезең


Облыстық «Үздік информатика пәні мұғалімі – 2026» байқауында Іле ауданы, №40 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Шамыгулова Бакыт Книяровна жүлделі ІІІ орынға ие болды!
Бұл жетістік – ұстаздың жоғары кәсіби шеберлігі мен шығармашылығының, цифрлық технологиялар мен жаңашыл әдіс-тәсілдерді білім беру үрдісінде тиімді қолдануының және оқушыларға сапалы білім берудегі табандылығының айқын нәтижесі. Байқау барысында Бакыт Книяровна өзінің педагогикалық тәжірибесін, заманауи IT-технологияларды меңгеру деңгейін және кәсіби құзыреттілігін өте жоғары деңгейде көрсетті. Ақпараттық технологиялар ғасырында өскелең ұрпақтың цифрлық сауаттылығын арттыруға, логикалық және алгоритмдік ойлау қабілетін дамытуға және заманауи білім беру кеңістігін қалыптастыруға қосқан үлесі зор.
Әріптесімізді лайықты жеңісімен және жоғары марапатымен шын жүректен құттықтай отырып, деніне саулық, шығармашылық табыс, кәсіби биіктер мен жаңа жеңістер тілейміз! Жетістігіңіз еселене берсін, Бакыт Княровна!