«ЕРЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН» МЕМЛЕКЕТТІК МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ » №40 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№40 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «ЕРЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН» МЕМЛЕКЕТТІК МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ
01
октябрь
2025

«ЕРЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН» МЕМЛЕКЕТТІК МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

    2025 жылдың 1-қазан күні, Астана қаласында өткен Ұстаздар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев білім саласын жан-жақты дамытуға басымдық беріп отырғанын атап өтті және өңірлерден келген үздік ұстаздар мен ардагерлерді  мемлекеттік наградаларымен марапаттады.

    Осы салтанатты іс-шарада, Алматы облысы, Іле ауданы №40 орта мектеп директорының орынбасары, математика және физика пәні мұғалімі Ибраимова Алмагүл Нұрқасымқызын, білім саласын дамытуға зор үлес қосқаны, кәсіби жетістіктерге жеткені және оқушылары жоғары нәтиже көрсеткені үшін «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медалімен марапаттады. 

  1-сурет. Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың, Алмагүл Ибраимованы мемлекеттік «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медалімен марапаттау сәті. 

2-сурет. «Ерен еңбегі үшін» медалі 
      «Ұстаз – жас ұрпақтың дүниетанымын қалыптастыратын, өмірге деген көзқарасын айқындайтын тұлға. Олар жас ұрпақты үздіксіз оқуға, өзін-өзі дамытуға бағыттайды, болашаққа сеніммен қадам басуына жол сілтейді. Сондықтан ұстаздардың еңбегі лайықты бағаланып, оларға үнемі құрмет көрсетіліп келеді», – деді министр Жұлдыз Сүлейменова.

3-сурет. «Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» медальдарымен және «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» мемлекеттік наградаларымен марапатталған үстаздар.


     «Ұстаз болу – бұл жай ғана мамандық емес, бұл ұрпаққа білім мен тәрбие беретін қасиетті жол, даналық пен мейірімнің үлгісі.

    Астанада өткен осы іс-шара,  Білім басқармасының ұйымдастыруымен QAZAQSTAN орталық концерт залында Ұстаздар күніне арналған «Ұстаз – ұлттың шамшырағы» атты салтанатты мерекелік концертпен аяқталды. 





Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив