12
апрель
2023
"Менің қиялымдағы ғарыш әлемі" оқушылар арасындағы сурет байқауы

«Тарих және қоғамтану» бірлестігі онкүндігі аясында 12 сәуір- ғарышкерлер күніне орай «Менің қиялымдағы ғарыш әлемі» тақырыбында 5-9 сынып оқушылары арасында сурет байқауы өткізілді.Байқаудың мақсаты: туған жеріне деген сүйіспеншілік және патриоттық сезімдерін арттыру, сурет салу дағдысын, логикалық ойлау, еске түсіру, елестету қабілеттерін және шығармашылығын арттыру. Байқауға 40 тан аса оқушы қатысып, өздерінің шығармашылық ойлай білу дағдыларын, креативтілігін танытып, жұмыстарын ұсынды.Мектептегі «Өнер бірлестігі» және әділқазылар құрамы суреттерді сыныбына, жас ерекшелігіне қарай топтастырып, жүлделі орындармен марапаттады.Сонымен қатар, кітапханашылардың ұйымдастыруымен кітапханада 12 сәуір-ғарышкерлер күніне орай көрме ұйымдастырылды.