19
сентябрь
2022
«Тіл-Қазақстан халқының рухани байлығы»
Мектебімізде Тіл айлығы аясында тарих бірлестігінің ұйымдастыруымен 19.09.2022 күні «Тіл-Қазақстан халқының рухани байлығы» атты танымдық конференция өтті.Мақсаты: Оқушыларға өз ана тілінің құдіреттілігін сезіндіру. Тілдің адам өмірі үшін мәні айырықша екенін ұғындыру. Тіл туралы тағылымдар арқылы оқушыларды адамгершілік қасиеттерге баулу, азаматтық бейнелерін қалыптастыру, тілімізді сүюге, көздің қарашығындай қорғауға шақыру, еліміздің елдігін танытатын тілі мен өнері екенін саналарына сіңіру.
Конференция 10-сынып оқушыларының қатысуымен өтті. Ұйымдастырушылар: тарих және қоғамтану бірлестігі. Конференцияда Мемлекеттік тілдің бүгіні мен болашағы, басқа да өзекті мәселелері қамтылды. Оқушылар өз пікірлерімен бөлісіп, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге өз ұсыныстарын айтты.