Психологиялық денсаулық айлығы аясында «Зиянды әдеттермен өміріңе балта шаппа» 4 – сыныптар арасында флешмоб сайысы
2020 жылдың қаңтар айының 1-нде психологиялық денсаулық айлығы аясында «Зиянды әдеттермен өміріңе балта шаппа» атты тақырыбындағы 4 сыныптар арасында флешмоб сайысы өтті. Өткен іс-шараның мақсаты: жасөспірімдер мен балалар арасындағы нашақорлық, темекі шегушілікпен күресу, зиянды заттарды қолданудың алдын алу, салауатты өмір салтына тәрбиелеу. Жаман әдеттермен қауіпті заттардан аулақ болуға тәрбиелеу. Сайысқа қатысушылар сайысқа жақсы дайындалып, өз белсенділіктерін көрсетті. Болашақта зиянды әдеттерден аулақ жүруді насихаттап, дайындаған билерімен, көрнекіліктерімен әндерімен көрсетті. Бұл сайысты көруге ата-аналар, ұстаздар, басқа да оқушылар қатысып көрді. Сайысқа қатысушылар көрермендердің көзайымына айналып, билерімен баурап алды. Осындай сайыстар жиі өтіп тұрсын деген ұсыныстар тастады.
Жеңімпаздар мектепшілік мақтау қағазымен марапатталды. Естелік суретке де түсті. Ал біз өз мақсатымызға жеттік деген ойдамыз.