08
сентябрь
2023
«СЕРГІТУ СӘТІ» ЧЕЛЛЕНДЖ

«СЕРГІТУ СӘТІ» ЧЕЛЛЕНДЖСергіту сәті – бұл физикалық жаттығулардың шағын жиынтығы, сондықтан оларды орындау кезінде түрлі бұлшық ет топтары қамтылады.Сергіту сәті – білім алушылардың ұзақ монотонды позасынан туындаған статикалық кернеуді жеңілдету мақсатында сергіту сәті жаттығуларын өткізуге арналған сабақ процесіндегі қысқа мерзімді үзілістер.Олардың мақсаты – шаршаудың алдын алу, ақыл-ой қабілетін қалпынакелтіру, дене бітімі бұзылуының алдын алу.Ағымдағы жылы республиканың барлық білім беру ұйымдарында түрлі іс-шаралар өткізу жоспарланды. Соның бірі - оқушылар мен студент жастардың қатысуымен «Сергіту сәті» челленджі.
Челлендждің мақсаты - балалардың салауатты өмір салтын насихаттау.
Челлендждің міндеттері:
-физикалық, психологиялық стрессті төмендетуге ықпал ету;
-оқу іс-әрекеті процесінде шаршаудың алдын алуға, физикалық белсенділікті арттыруға ықпал ету;
-балалардың денсаулығын сақтау мақсатында жұмыс қабілеттілігін арттыруға ықпал ету.