19
май
2022
"Түлектерге тілек" айдары
"Түлектерге тілек" айдарыМіне оқу жылының аяқталуына санаулы күндер қалды...Алда сіздерді мемлекеттік емтихан, ҰБТ сияқты шешуші сәттер күтіп тұр.
Кешегі шәкірт бала едің,
Қарайсың бүгін жігіт боп.
Шарлаған арман әлемін,
Шыңдарға шыңнан биіктеп.
Отаның сипап маңдайдан,
Аямас сенен жақсысын.
Ізде, тап, қиыр - шалғайдан
Еліңе қажет бақ құсын.
Асқарға қолың соз балам,
Бәйгеге түс те, бақ сына.
Намысқа тиер озбаған,
Қол соғар жұртың жақсыға.