13
май
2022
15-мамыр «Отбасы күні»
Іле ауданы, Боралдай кенті, №40 орта мектепте «Балалар жылы» аясында және 15-мамыр «Отбасы күні» қарсаңызда ұйымдастырылған «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ» спорттық эстафета жарыс өткізілді. Мақсаты: Оқушыларды салауатты өмір салтына бейімдеу және денені шынықтыру жаттығуларына қызығушылығын арттыру. Ата – ана мен мектептің тығыз қарым – қатынасын жандандыру, бірлесе жұмыс жасауға шақыру. Шапшаң қимылдауды, жарыса жүгіруді дамыту. Балаға мейірімділік пен отбасына құрмет құндылықтарын дәріптеу. Жарысқа 5- сынып оқушылары мен ата-аналары қатысты. Команда құрамы: 3 ойыншы:(1әке, 1ана, 1оқушы). Эстафеталық жарыс түрлері:таныстыру, доппен жүгіру, допты аяқпен қысып жүгіру, допты себетке лақтыру және арқан тартысу. Жарыс соңында жеңімпаз командалар мақтау қағаздарымен марапатталды. 1-орынды 5 «Г» сынып «Жалын тобы», 2-орын 5 «Ә»-сынып «Балалар жылы» тобы, 3-орынды 5 «Д»-сынып «Сұлтан» тобы, белсенділігі үшін 5 «А», 5«Б», 5«В», 5«Е» сынып топтарын мектеп директоры марапаттады. Жалпы 5-сыныптардан сайысқа 21 адам қатысты, 48 оқушы жанкүйер бола білді. Іс-шараны тәрбие орынбасарлары мен дене шынықтыру бірлестігі өткізді.