17
март
2022
Әз-Наурыз мерекесі мектепішілік форматта атап өтілді
Наурыздың 17-сі күні мектеп оқушылары мен ұстаздары арасында әз-Наурыз мерекесі мектепішілік форматта атап өтілді. Ұлық мейрамға орайластырылған шарада ән мен жырдан да шашу шашылды. Әсіресе, домбыраның қоңыр да кербез үні келушілерді ерекше сезімге бөледі.Дастархандағы қазақ халқының ұлттық тағамдарының алуан түрін мектеп оқушылары мен ата-аналары бірлесе дайындап әкелген. Дархан көңіл қазақылық мінез, молшылық әр сыныптың дастарханынан танылды.