Әрбір бала-бір жұлдыз » №40 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№40 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Әрбір бала-бір жұлдыз
10
март
2020

Әрбір бала-бір жұлдыз

Әрбір бала-бір жұлдыз

Наурыз айының басында Іле ауданы, Боралдай кенті, №40 орта мектебінде инклюзивті білім алатын және үйден оқитын оқушылар арасында «Әрбір бала-бір жұлдыз» атты іс-шара өткізілді. 

Іс-шараның мақсаты инклюзивті білім алатын, үйден оқитын оқушыларды өз қатарластарымен етене араластырып, сынып,  мектеп өміріне және іс-шараларға  белсенді қатыстыру. Оқушылардың адами қасиеттерін дамыту,  жеке тұлға ретінде дамыту, достыққа, сүйіспеншілікке тәрбиелеу, бала бойындағы ерекше қабілеттерін ашу болды.

Үйден оқитын оқушылар сыныптастарымен бірге сабақ оқып, мектеп ішіне саяхат жасады, кітапхана, асхана, спорт зал, коворкинг орталықтарында бірге болды.  Бұдан кейін оқушылар тобымен мектептің акт залында өткізілетін  «Әрбір бала-бір жұлдыз» атты іс-шараны тамашалауға келді. Іс-шараны мектеп директоры Г.Б.Ижанова ашып, ата-анасының жанында шат-шадыман күлкімен уақытын өткізетін өмірдің қайталанбас сағынышқа толы кезеңі – бақытты балалық шағы екендігін айтып балаларға жылы лебізін білдірді. 

«Бұлақ көрсең-көзін аш» дегендей іс-шара барысында инклюзивті білім алатын оқушылар бірі ән салса, бірі билеп, аспаптарда ойнап, бейнелеу өнері жанрлары бойынша өз өнерлерін көрсетті. 

         Іс-шара соңында балаларға  сыйлықтар тарту етілді.  

Мектеп директорының оқу- ісі жөніндегі орынбасары Сауле Нұрмұханбетовна оқушыларға ізгі тілектерін айтып, өз ықыласын білдірді.

Бұл іс-шара  балалардың көңілін сергітіп, өмірге, өнерге деген құштарлықтарын арттырды. Осындай игі істер жылда мектебімізде өткізіліп, дәстүрге айналуда.


№40 орта мектептің дефектолог, логопед  мұғалімі         М.Жарылқасынова



Әрбір бала-бір жұлдыз іс-шарасынан көрініс













Оқушылар мектеп кітапханасында


















"Coworking" орталығында




Оқушылар өз сыныптастарымен бірге
Балаларға  сыйлықтар тарту  сәтінен көрініс

Похожие публикации:

17 февраль 2020 Ашық сабақ
18 октябрь 2018 Қамқоршылық кеңес
26 ноябрь 2017 Рухани жаңғыру
21 февраль 2020 Мектеп тарихы
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив