Ақпарат » Страница 2 » №40 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№40 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Мектепке жол" республикалық акциясы
01
август
2023
"Мектепке жол" республикалық акциясы
"Мектепке жол" республикалық акциясының басталғанын хабарлаймыз!     Құрметті, Боралдай кентінің тұрғындары және жаны жомарт жандар  Сіздерге  1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін  әлеуметтік осал топтан шыққан  оқушыларды қолдау мақсатында және 1 қыркүйекте әлеуметтік себептер бойынша мектепке келмеуінің алдын алуға бағытталған "Жақсылықты жаса" ұранымен "Мектепке жол" акциясының өткізілетін хабарлаймыз. Аталмыш  акцияға демеуші болып, қолдау  көрсетуге шақырамыз. Жүрегі жылулыққа толы қайырымды
1941-1945 жыл
09
май
2023
1941-1945 жыл
Қазақстаннан 1941-1945 жылдардағы қанды қырғынға 1,5 миллион ұл мен қыз аттаныпты. 600 мыңнан астам қазақстандық бұл соғыстан оралмады. 500-ден астамы елге Батыр атанып, аңызға айнала оралды. Бүгінгі бейбіт заман үшін сол кісілердің жастық шағы, өмірі, құрбан болды, біз үшін сіздердің ерліктеріңіз мәңгі есте қалды!
“Жас Ұлан” ұйымының мүшелері
08
май
2023
“Жас Ұлан” ұйымының мүшелері
Ұлы Жеңіс мерекесіне орай #40 мектеп атынан тәрбие орынбасары, АӘТД пәні мұғалімі және “Жас Ұлан” ұйымының мүшелері Іле ауданы бойынша жалғыз ардагеріміз Толғанбаев Тәңірберген атамызды мерекемен құттықтап, батасын алып қайтты. 100 жасқа келген ардагеріміздің Отан үшін жасаған ерлігі болашақ ұрпаққа үлгі болары сөзсіз
“Төрт тоқсан - төрт өнер” жобасы
05
май
2023
“Төрт тоқсан - төрт өнер” жобасы
“Төрт тоқсан - төрт өнер” жобасы аясында туған өлкемізді, Боралдай кентін, мектеп ауласын көгалдандыру мақсатында “100 ұстаз - 100 көшет” акциясы аясында мектепке қарасты территорияға 100 түп шырша көшеттері отырғызылды.#4ТОҚСАН#ТУҒАНӨЛКЕМ#
"Еркін елдің ұрпағы"
04
май
2023
"Еркін елдің ұрпағы"
4.05.2023 ж. сағат 11:00-де #40 ОМ "Еркін елдің ұрпағы" тақырыбында мамыр мерекелері мен Жеңіс күні қарсаңында қазақстандықтардың қатысуымен жалпыұлттық, патриоттық диктант өткізілді.Мақсаты: Еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін дәріптеу, ұлттық құндылықтар мен ұлттық мұраттарды бойына сіңірген патриоттық рухтағы ұрпақ тәрбиелеу Диктантқа 68 оқушы, 45 ересек қатысты.
БІР РЕТТІК ҚАРЖЫЛАЙ КӨМЕК АЛУҒА ӨТІНІШТЕР ҚАБЫЛДАНАТЫНЫН ХАБАРЛАЙМЫЗ!
26
апрель
2023
БІР РЕТТІК ҚАРЖЫЛАЙ КӨМЕК АЛУҒА ӨТІНІШТЕР ҚАБЫЛДАНАТЫНЫН ХАБАРЛАЙМЫЗ!
ХАБАРЛАНДЫРУҚұрметті білім алушылардың ата-аналары және заңды өкілдері!Сәуір айының 26 және мамыр айының 05 аралығында білім алушылардың жекелеген санаттарына 2023-2024 жаңа оқу жылына қажетті мектеп формасы және кеңсе құралдарын алуға БІР РЕТТІК ҚАРЖЫЛАЙ КӨМЕК АЛУҒА ӨТІНІШТЕР ҚАБЫЛДАНАТЫНЫН ХАБАРЛАЙМЫЗ! Құжаттар күнделікті сағат 09.30-17.00 аралығында қабылданады. ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ: 1. Өтініш берушінің жеке куәлігінің КӨШІРМЕСІ және ТҮПНҰСҚАСЫ (жеке басын сәйкестендіру үшін); 2. Баланың
"Ағаш көркі-жеміс, адам көркі-жақсы іс"
24
апрель
2023
"Ағаш көркі-жеміс, адам көркі-жақсы іс"
"Төрт тоқсан-төрт жоба " аясында "Жасыл ел" бағыты бойынша "Ағаш көркі-жеміс, адам көркі-жақсы іс" деген халық даналығын басшылыққа ала, мектепті көгалдандыру мақсатында "Түлектер аллеясына" 11 сынып оқушылары ағаш отырғызды.
"Ғылымтану-білімтанудың шыңы". 12 сәуір – ғарышкерлер күні.
13
апрель
2023
"Ғылымтану-білімтанудың шыңы". 12 сәуір – ғарышкерлер күні.
#40 орта мектепте 12 сәуір – ғарышкерлер күні, Қазақстандағы ғылыми қызметкерлер күні және Ғылым академиясының тұңғыш Президенті, көрнекті ғалым-геолог Қаныш Сәтбаевтың дүниеге келген күні! "Ғылымтану-білімтанудың шыңы" атты апталықтың ашылу салтанаты мектебімізде ғылым магистрлерінің ұйымдастыруымен өткізілді. Іс-шара барысында Айқанат жеңімпаздары марапатталды, оқушылармен "Ғылым бізге өмірде қалай көмектеседі?" сұрақ-жауап алаңын өткізе отырып, ғылымға баулыды.
"Дені сау ұрпақ - ел болашағы"
03
апрель
2023
"Дені сау ұрпақ - ел болашағы"
03.04.2023 ж. күні дене шынықтыру әдістемелік бірлестігінің ашылу салтанатынан көрініс. Онкүндіктің мақсаты: жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру қажетті бағалы байлық екендігін, дені сау ұрпақ ертеңгі елдің болашағы екендігін түсіндіру.
"Тарихты білмей - болашақты болжау қиын"
03
апрель
2023
"Тарихты білмей - болашақты болжау қиын"
03.04.2023 ж. күні тарих әдістемелік бірлестігінің ашылу салтанатынан көрініс. Онкүндіктің мақсаты: оқушыларға өткен тарихы туралы мәлімет бере отырып, тарих сабағының маңыздылығын ұғындыра білу.