08
февраль
2023
«Терроризмге жол жоқ» атты теологпен кездесу
Мектебімізде 23.01.2023 ж «Терроризмге жол жоқ» атты теологпен кездесу ұйымдастырылды. «Нұр-Мүбарак» университетінің оқытушысы, дін істері басқармасының теолог маманы-Сулейман Алишер Ақпарұлымен ашық кездесу өтті. Кездесуге 8-11 сынып оқушылары қатысты. Алишер Ақпарұлы оқушыларға адамгершілік-рухани тәрбие жөнінде дәріс оқыды. Теолог кездесу барысында дін туралы көптеген мәліметтер берді.Және терроризм мен экстремизмнің дін уағыздаушыларынан алшақ болуға шақырды.Оқушыларға қоғамдағы теріс ағымдар және қандай жолдармен адамдардың қателесетіні жөнінде ақпарат берілді.Оқушылар өздерінің көкейінде жүрген әр түрлі сұрақтарын қойып, қажетті мағлұматтарға қанығып, бойларына рухани әсер алды. Оқушылар үшін, бұл кездесудің тәрбиелік маңызы өте зор болды.Бұл кездесуде «Діни экстремизм мен терроризм – қоғам дерті» атты кітап көрмесі қойылды. Кітап көрмесіне діни экстремизм мен терроризмнің өрістеу проблемалары және еліміздегі діни терроризмге түсіндірме беретін кітапхана қорындағы кітаптар мен қатар, олармен қалай күресу керектігі туралы мәлімет берілген мерзімдік баспа материалдары да ұсынылды.Кітапханашылар: Тугелова Ж.О.
Байғожа Г.Н.