09
август
2022
Жақсылық жасап жарысайық!
Ел болашағының тізгінін ұстайтын жас ұрпақ – мемлекетіміздің басты құндылығы. Олардың толыққанды білім алып, саналы азамат болып қалыптасына ықпал ету – басты міндет.
Осыған орай, жаңа оқу жылының қарсаңында жыл бойы жалғасын табатын «Мектепке жол» Республикалық акциясы аясында «№40 орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде белсенді жұмыс жүргізілуде. 2022-2023 жаңа оқу жылында «2022 Балалар жылы» аясында ұйымдастырылған «Мектепке жол» Республикалық акциясы «Мектепке жол – Шекарасыз жақсылық» ұранымен өткізіліп отыр. Акция 01 тамыз бен 30 қыркүййек аралығын қамтитын болады. Аталмыш акцияның басты мақсаты - әлеуметтік мәртебеге ие отбасынан шыққан, ата – ана қамқорлығынсыз қалған оқушыларға материалдық тұрғыда көмек көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу болып табылады.
Акция аясында мектеп бойынша әлеуметтік көмек қажет ететін оқушылар анықталып, ата-аналарының өтініші негізінде оқушыларға көмек көрсетілуде. Демеушілерді тарту мақсатында әртүрлі бизнес өкілдеріне сұраныс хаттар жіберіліп, ата-аналар мен мектеп қызметкерлеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Жаңа оқу жылы қарсаңында акция аясында жалпы 50 ге жуық оқушыға 800000 теңге көлемінде көмек ұйымдастырылады деп жоспарлануда. Осы жылы акцияға 20 дан аса кәсіпкерлерді тарту көзделіп отыр. Оқушыларға көмекті ұйымдастыру барысында мектеп формасы, кеңсе құралдары, мектеп сөмкесі және қажет болған жағдайда демеушілер тарапынан қаржылай да көмек көрсетілді.
Оқушыларға демеуші болып, қолдау көрсеткендердің басым көпшілігі – мектеп мұғалімдері. Сонымен қатар, ата-аналарымыз да жанашырлық танытып, оқушыларға көмек көрсетіп, акцияға барынша ат салысуда. Ұстаздарыға, ата-аналарымыз бен демеушілерімізге игі шараның ұйытқысы болып, оқушыларымызға қолдау көрсеткендері үшін алғыс айтамыз.
«Мектепке жол» Республикалық акциясы әлі де жыл бойы жалғасын табады және оқушылардың әлеуметтік жағдайы басты назарда болады. Осыған байланысты мектебіміздің әлеуметтік көмекті қажет ететін оқушылардың ата-аналарына және акцияға үлес қосып, демеуші болам деген тұлғаларға мектеп әкімшілігіне жолығуларын өтінеміз.
Жақсылық жасау - күн шуағындай адам жүрегін нұрға бөлейді. Ал, балаға қуаныш сыйлау бақыттың биік шыңы. Осы орайда акция аясында мектеп оқушыларына көмек көрсетіп қол ұшын созған әрбір демеушілерге тағы да шексіз алғыс білдіреміз.
«№40 орта мектеп» МКМ
Әлеуметтік педагог
Шайланов Е.С.