«Әліппе» мен «Букварь» » №40 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№40 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Әліппе» мен «Букварь»
14
февраль
2022

«Әліппе» мен «Букварь»

Биылғы оқу жылының ерекше жаңалығы – «Әліппенің» қайта оралуы. Көркем безендірілген, оқуға жеңіл «Әліппе» мен «Букварь» кітаптары бүлдіршіндерге қуаныш сыйлады.
Бар білімнің бастауы – «Әліппенің» тарихына қысқаша тоқталсақ, ағартушы ғалым А.Байтұрсынұлының жаңа әліпби (төте жазу) үлгісімен жазылған алғашқы «Оқу құралы» 1912 жылы Орынбор қаласында басылған. Айта кетейік, А.Байтұрсынұлына дейін де бірнеше әліппе үлгілері қолданыста болып, тәжірибеден өткені белгілі. Алайда қазақ мектептері үшін А.Байтұрсынұлы «Әліппесі» барынша лайықты болды.
Біздің мектептің оқушылары, ата-аналары, ұстаздары Әліппемен сағына қауышып, өз пікірлерін білдіруде.

Тәуелсіздік жылдары білім саласы да түрлі реформаларды бастан өткергені белгілі. Соның бірінде «Әліппе» оқулығын «Сауат ашу» алмастырған болатын. Дегенмен, балдырғандар үшін «Әліппенің» орны бөлек екенін уақыт көрсетті. Осылайша ҚР Білім және ғылым министрі А.Аймағанбетовтың бастамасымен «Әліппе», «Ана тілі» оқулықтары қайта оралды. Жаңа «Әліппенің» авторлары – Ә.Жұмабаева, Г.Уайсова, М.Оспанбекова.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив