ІІ тоқсанда оқушылардың тегін ыстық тамақпен қамтылуы туралы мәлімет
Алматинская область білім басқармасының Іле ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
«№40 орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесі
2021-2022 оқу жылы
ІІ тоқсанда оқушылардың тегін ыстық тамақпен қамтылуы туралы мәлімет
14.01.2022
ІІ тоқсанда мектепте тегін ыстық тамақпен қамтылатын оқушылар тізімі бекітіліп, құжаттар рәсімделіп, ыстық тамақ ішетін оқушылардың тізімі бекітілді.
Қараша айы бойынша ыстық тамақ ішетін оқушылардың саны 170-ті құрады. Арендатор есебінен 20 оқушы ыстық тамақпен қамтылды. Оның ішінде 1-4 сынып оқушыларының саны 98 болса, 5-9-11 сынып оқушыларының саны 72 құрайды.
Желтоқсан айында ыстық тамақ ішкен оқушылардың саны 167 ні құрады. Оның ішінде:
1-4 сынып оқушыларының саны – 96;
5-11сынып оқушыларының саны – 71 оқушы.
Аз қамтылған отбасынан – 2 оқушы;
Көпбалалы отбасынан – 153 оқушы;
Мүмкіндігі шектеулі шектеулі – 1 оқушы;
Өгей әке немесе анасымен тұратын оқушы – 1 оқушы;
Толық емес отбасынан шыққан – 9 оқушы.
Асханада барлық санитарлық-гигиеналық талаптар сақталған. Нақтырақ айтсақ, асханаға арнайы санитарлық нормаларды сақтау туралы және бетперде тағу туралы белгілер, әлеуметтік арақашықтық сақтау белгілері, антисептиктер орнатылған. Оқушылардың асханада көп шоғырлануын болдырмау мақсатында оқушылардың ыстық тамаққа баруы 4 уақытта ұйымдастырылды. Мысалы:
І ауысым
1-2 сынып оқушылар үшін – 08.30 – 08.45
8-9-11 сынып оқушылары үшін – 10.25 – 10.40
ІІ ауысым
3-4 сынып оқушылары үшін – 14.30 – 14.45
5-7 сынып оқушылары үшін – 16.25 – 16.40.
Оқушылардың тамақтану кестесіне сәйкес уақытылы тамақтануы және күнделікті берілетін тамақтың сапасы, құрамы, температурасы әлеуметтік педагог пен мектеп мейірбекесі бақылап, тексеріп отырды. Әсіресе, оқушылардың денсаулығына қауіпті астардың болдырмауы мен уланудың алдын алу үшін мектептің әлеуметтік педагогы мен мейірбекесі күнделікті мәзірден сынама жүргізеді. Сонымен қатар, асхананың жалпы тазалығы, қол жуатын орынның талапқа сай болуы, асханада тиым салынған заттардың сатылымға шықпауы және асхана қызметкерлерінің жай-күйі мен санитарлық-гигиеналық талаптарға сай болуы (арнайы киім формасының болуы, тазалығы т.б.) бақылауда ұсталынады және кемшілік байқалған сәтте ескертулер беріледі.
Қаңтар айынын бастап оқушыларды тегін ыстық тамақпен қамту үшін ата-аналардан өтініш жиналатын болады. Ол үшін мектеп сайтында, әлеуметтік желілерде хабарландырулар берілді.
Әлеуметтік педагог Е.С. Шайланов