14
февраль
2020
Инклюзивті білім беру
№40 орта мектеп МКМ инклюзивті білім беру бойынша ерекше білімді қажет ететін оқушылармен дефектолог-мұғалім жүйелі түрде жұмыс жүргізеді. Инклюзивті оқыту – балаларды жалпы білім беру үрдісіне толық енгізу, сонымен бірге оқытуда ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру. Осы бағыт балалардың оқуда жетістікке жетуіне ықпал етеді. Инклюзивті оқыту – барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік беред, оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне, ата-аналарды белсенділікке шақыруға, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді.