03
январь
2022
Әлеуметтік желіні пайдалы іске асырған мұғалім

Алматинская область Іле ауданы Боралдай кенті №40 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Әуренбаева Торғын Төлегенқызы - өз шығармашылығы мен тәжірибесін өз білім алушыларымен әлеуметтік желіде кеңінен жұмыс жасап жүрген ұстаздардың бірі. Педагог өз жұмыстарын Facebook парақшасында және YouTube каналында жүргізуді дәстүрге айналдырған. Өз парақшасында әрбір жұмыстарын оқырмандарымен бөлісіп отырады. Оқушылары оған тіркеліп, педагогтің жұмыстарына өз пікірлері мен көзқарастарын білдіріп отырады.
Торғын Төлегенқызының осы ұжымдағы шығармашыл идеяларының нәтижесі көптің көңілінен шықты. Ол кісі ашқан мектептегі «Ақсарай» атты театрының жетістіктері аудандық, облыстық және республикалық деңгейге жетуде. Театр ұжымы жылына 2-3 қойылымды көпшілікке ұсынады. Театр мүшелері 2020-2022 оқу жылында "Махамбеттің жас ұрпақтары" Ү республикалық байқауынан жүлделі ІІІ орын алды.
Театр сахналаған шығармалардың ішінде Д.Исабеков "Әпке" драмасы одан кейін "Есігімді қаққан кім?" атты трагедиялық қойылым көрермендерге ерекше ой салды. Қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелерді көтерген бұл көріністер ұстаздар, ата- аналар мен оқушылар тарапынан үлкен қолдауға ие болды. Оқушылары "Төлеген Айбергенов оқуларына" қатысып, М.Шаханов пен С.Айбергенова төрелік еткен байқауда эсседен ІІІ орын, сахналық қойылымнан ІІІ орын, қолөнерден ІІІ жүлделі орындарға ие болды. «Ақсарай» театрының мүшелері шыңдалып, әлеуметтік желіде барлық жұмыстарын жұртшылықпен бөлісіп отырады. «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай сахналаған «Томирис» қойылымы республика көлемінде әлеуметтік желіде насихатталды.
Сонымен қатар Әуренбаева Торғын Төлегенқызының нәтижелі жұмысы - дарынды оқушылармен жұмыс. Жыл сайын «Дарын» ғылыми жобалар байқауына шәкірттер дайындап, республикаға дейін шығарып келеді. 2020 жылы 9-сынып оқушылары Амангелді Назерке мен Сұлтанмұратқы Аружан "Дарын" ғылыми жоба байқауының қазақ әдебиеті секциясынан Алматинская область бойынша І орын алып, республикалық деңгейге жетті. 2021-2022 оқу жылында "Дарын" ғылыми жоба байқауынан 11- сынып оқушылары Сейткамал Нұрбану мен Сүйінбай Еркеназ қазақ әдебиетінен республикаға жолдама алып отыр.