02
июнь
2022
"Бала еңбегін пайдалануға қарсы 12 күн"
"Бала еңбегін пайдалануға қарсы 12 күн" аясында әлеуметтік педагог Е.Шайланов акция өткізді.Акцияның негізгі мақсаты - балалардың еңбегінің қанауына жол бермеу, ерте жастан еңбекке араласуының алдын алу, құқықтық сауаттылығын арттыру. Осы мақсатта жоғары сынып оқушыларына ақпараттық-түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылды. Еліміздің ұлттық заңнамаларында бала еңбегіне шектеу қойылып, оның ең нашар түрлері үшін қылмыстық және әкімшілік жаза қарастырылған. Сонымен қатар, ҚР Конституциясымен мәжбүрлі еңбекке тыйым салынған. Бұл шара бала еңбегін реттейтін арнайы заңмен де толықтырылған. Осы туралы ақпараттарды оқушылар игере отыра, пікірсайыс ұйымдастырды.