29
август
2023
"Мектепке жол" акциясы
2023-2024 оқу жылы қарсаңында N40 орта мектеп коммуналдық мекемесінде 01 тамыз 30 қыркүйек аралығында "Мектепке жол" республикалық акциясы "Жақсылық жаса" ұранымен қарқынды жүзеге асырылуда. Акцияның мақсаты: жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету; баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу; жетім балаларға, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына нақты көмек көрсету болып табылады.«Мектепке жол» республикалық акциясының өткізіліп жатқандығы және демеуші жұмылдыру мақсатында мектеп сайтына, әлеуметтік желілерге хабарландыру берілді және баннер жасатылды. Қазіргі таңда, «Мектепке жол акциясына» демеуші жұмылдыру жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде."N40 орта мектеп" мемлекеттік коммуналдық мекемесінде «Мектепке жол»акциясы аясында демеушілер көрсеткен көмектерге тоқталсақ: 1.ЖШС «Кормовик» зауытының бас директоры Н.Б. Сыдықов «№40 орта мектептің» әлеуметтік мәртебеге ие 4 оқушыға (2 қыз,2ұл) жалпы құны 222 000 мың теңге (екі жүз жиырма екі мың теңге) болатын мектеп формалары мен мектеп сумкасы, кеңсе тауарларымен көмек көрсетті;2. Мектеп директоры Г.Б.Ижанова әлеуметтік мәртебеге ие отбасыдан шыққан 2 оқушыға жалпы құны 50000 теңге (елу мың теңге) болатын мектеп формасы, мектеп сумкасы және кеңсе құралдарымен қаматамасыз етті.3. Боралдай кенті әкімі Д.Т.Конурбаев әлеуметтік мәртебеге ие отбасыдан шыққан 20 оқушыға жалпы құны 160000 мың теңге (жүз алпыс мың теңге) болатын мектеп сумкасы, кеңсе құралдарымен көмек көрсетті.
4. Алматинская область, Іле ауданы бойынша «Аманат» партиясы Боралдай кенті бойынша 30 оқушыға соның ішінде, N 40 орта мектептің әлеуметтік мәртебесінен шыққан 9 оқушыға жалпы құны 36000 мың теңге болатын мектеп сумкасы және кеңсе құралдарымен көмек түрін ұйымдастырды.
Сонымен қатар, «№40 орта мектептің» мұғалімдер ұжымыда аталмыш акцияға өз үлестерін қосуда. Мысалы, Рыскельдиева Гульнар, Қуанбаева Гүлмира, Байзакова Жанбота, Әуренбаева Торғын, Жаксылыкова Галия, Бутакулова Гульназ, Але Казима, Даулеталы Ақмарал, Аяганова Майра, Жусипова Гульзада сынып ұжымымен бірге демеушілік көрсетіп, оқушыларға мектеп формасы, сумка, кеңсе құралдарымен көмек көрсетті.
«Мектепке жол» акциясы алдағы уақыттада өз жалғасын табады. Республикалық акцияға демеуші болып, оқушыларға қайырымдылық жасап, қуанышқа бөленулеріне себепкер болуға шақырамыз. Қайырымдылық акциясынан қапы қалмаңыздар