04
январь
2021
Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз!
Мектебімізде "Қазақстан балалары - қысқы ғажайып!" қысқы каникул кезінде балаларың демалысын, бос уақытын тиімді ұйымдастыру аясында 08.01.2021 жылы "Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз!" тақырыбында танымал спортшы, бокстан әлем чемпионы Сабиров Нұрзатпен қашықтан zoom конференциясы арқылы кездесу өтті. Конференцияда спортшы өмірінен сұрақтар қойылды. Сабиров Нұрзат оқушыларды салауатты өмір салтын ұстауға, үнемі адал еңбек етуге, шыдамдылық пен шынайылыққа шақырды. Конференцияны ұйымдастырушы ДТІЖО-лары мен дене шыныктыру бірлестігі 9-10 сынып оқушыларын қатыстырып, оқушыларды қызықтырған сұрақтарға жауап ала алды. Кездесу оқушылардың спортқа деген қызығушылығын оятты. Бокстан Әлем чемпионы Сабиров Нұрзатқа денсаулық, сәттілік, жеңіс тілейміз!
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=506745873636782&id=100029041219061
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=506745873636782&id=100029041219061