17
февраль
2020
Ашық сабақ
№ 40 орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігі аясында 17.02.2020 7 «Ә» сыныбымен қазақ тілі пәнінен «Ұлттар достығының ұйытқысы» атты ашық сабақ өтті. Пән мұғалімі Құмарбекова Назерке Құмарбекқызы.Сабақ барысында оқушылар бірлік белгісі ретінде шаңырақпен шығып, бір-бірімен өзге тілде амандасты. Топқа бөлінді,тыңдалым тапсырмалары болды. Тапсырмаларды өте белсенді, қызығушылықпен орындады. Оқушылар өзге ұлт өкілдерімен жақсы қарым-қатынаста екендерін сабақ барысында көрсете алды. Тақырыпқа сай мектеп газетіне мақала жазды.Оқушылар өзге тілде достық туралы жаттаған өлеңдерін оқыды. Сабақ соңында шаңыраққа сабақтан алған әсерлерімен стикерге ойларын жазып бөлісті. Оқушылармен сабақ мақсатына жете алдық.