Қаңтар айында оқушылардың тегін ыстық тамақпен қамтылуы туралы мәлімет » №40 ОРТА МЕКТЕП
Almaty region
Municipal public institution
"№40 орта мектебі"
Education Department of Ili district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 43-50-93
Version for
visually impaired
» » Қаңтар айында оқушылардың тегін ыстық тамақпен қамтылуы туралы мәлімет
28
февраль
2022

Қаңтар айында оқушылардың тегін ыстық тамақпен қамтылуы туралы мәлімет


«Almaty region білім басқармасының Ili district бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 

«№40 орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесі

2021-2022 оқу жылы

Қаңтар айында оқушылардың тегін ыстық тамақпен қамтылуы туралы мәлімет

28.01.2022

Қаңтар айында оқушыларды тегін ыстық тамақпен қамту үшін ата-аналардан өтініш жиналды. Ол үшін мектеп сайтында, әлеуметтік желілерде хабарландырулар берілді.

Қаңтар айында мектепте тегін ыстық тамақпен қамтылатын оқушылар тізімі бекітіліп, құжаттар рәсімделіп, ыстық тамақ ішетін оқушылардың тізімі бекітілді.

Қаңтар айы бойынша ыстық тамақ ішетін оқушылардың саны 177-ті құрады. Арендатор есебінен 20 оқушы ыстық тамақпен қамтылды. Оның ішінде 1-4 сынып оқушыларының саны 100 болса, 5-9-11 сынып оқушыларының саны 77 құрайды.

Аз қамтылған отбасынан – 2 оқушы;

Көпбалалы отбасынан – 163 оқушы;

Мүмкіндігі шектеулі шектеулі – 1 оқушы;

Өгей әке немесе анасымен тұратын оқушы – 1 оқушы;

Толық емес отбасынан шыққан –10 оқушы.

Асханада барлық санитарлық-гигиеналық талаптар сақталған. Нақтырақ айтсақ, асханаға арнайы санитарлық нормаларды сақтау туралы және бетперде тағу туралы белгілер, әлеуметтік арақашықтық сақтау белгілері, антисептиктер орнатылған. Оқушылардың асханада көп шоғырлануын болдырмау мақсатында оқушылардың ыстық тамаққа баруы 4 уақытта ұйымдастырылды. Мысалы:

І ауысым

1-2 сынып оқушылар үшін – 08.30 – 08.45

8-9-11 сынып оқушылары үшін – 10.25 – 10.40

ІІ ауысым

3-4 сынып оқушылары үшін – 14.30 – 14.45

5-7 сынып оқушылары үшін – 16.25 – 16.40.

Оқушылардың тамақтану кестесіне сәйкес уақытылы тамақтануы және күнделікті берілетін тамақтың сапасы, құрамы, температурасы  әлеуметтік педагог пен мектеп мейірбекесі бақылап, тексеріп отырды. Әсіресе, оқушылардың денсаулығына қауіпті астардың болдырмауы мен уланудың  алдын алу үшін мектептің әлеуметтік педагогы мен мейірбекесі күнделікті мәзірден сынама  жүргізеді. Сонымен қатар, асхананың жалпы тазалығы, қол жуатын орынның талапқа сай болуы, асханада тиым салынған заттардың сатылымға шықпауы және асхана қызметкерлерінің жай-күйі мен санитарлық-гигиеналық талаптарға сай болуы (арнайы киім формасының болуы, тазалығы т.б.)  бақылауда ұсталынады және кемшілік байқалған сәтте ескертулер беріледі.




             Әлеуметтік педагог                                     Е.С. Шайланов

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив