"Қамқоршылық Кеңес" комиссия отырысы
Хаттама
Күні: 10.08.2019 жылы
Орны: №40 орта мектеп, №113 кабинет
Қатысқандар:
- Мектеп директоры – Г.Б.Ижанова
- Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары – Ш.А.Базаргалиева
- Board of Trustees мүшелері – 9
- Хатшы – К.С.Сапарбек
Барлығы 13 адам
Күн тәртібінде:
- 2019-2020 оқу жылында «Мектепке жол» акциясының өткізілу барысын жоспарлау;
- Мектептің 2019-2020 оқу жылы барысындағы жұмыс жоспарымен таныстыру.
Тыңдалды:
- Әлеуметтік педагог К.С.Сапарбек: Құрметті, қамқоршылық кеңес мүшелері, барлықтарыңызды 2019-2020 жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын! Жаңа оқу жылы барысында мектеп ұжымы мен оқушылар білімнің биік шыңдарын бағындыра берсін! Биылғы оқу жылы №40 орта мектеп үшін ең маңызды оқу жылы болғалы тұр. Себебі, өткен оқу жылының қорытындысы бойынша аудан мектептері арасында жоғары көрсеткіш көрсетті, сол себепті жинақтаған биік дәрежемізді жоғалтпай, керісінше одан әрі білім беруде білім сапасын арттыру мақсаты тұр.
2019-2020 оқу жылының қарсаңында 05 шілде - 30 қыркүйек аралығында жалпыға бірдей білім беру айлығы аясында дәстүрлі түрде жалпы республикалық «Мектепке жол» акциясы бастау алды.
Акцияның басты мақсаты – аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, сәтсіз отбасылардан шыққан оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және түрлі әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының, оқумен қамтылMay қалуының алдын алу үшін материалдық және басқа да көмек көрсету. Акцияның мақсатын жүзеге асыру үшін қазіргі таңда демеушілерлерге сұраныстар жіберіліп, мектеп ұжымы хабарландырумен таныстырып жатыр. Мәселен, Боралдай кентінің әкімі Д.Т.Конурбаевқа әлеуметтік мәртебеге ие «Мектепке жол» акциясы бойынша жалпы мектеп бойынша 39 оқушы көмек қажет ететіндігі және Боралдай кентінде орналасқан 2177 әскери бөлімінің командирі полковник Е.Т.Смағұловқа жалпы мектеп бойынша 11 оқушының көмек қажет ететіндігі туралы сұраныс жіберілді
Құрметті, қамқоршылық кеңес төрағасы және мүшелері барлықтарыңызды «Мектепке жол» акциясын нәтижелі және белсенді жүзеге асыруға шақырамын!
- Мектеп директоры Г.Б.Ижанова: Қайырлы күн, қамқоршылық кеңес төрағасы және кеңес мүшелері. Барлықтарыңызды биылғы жаңа 2019-2020 оқу жылының басталуымен құттықтаймын. Биылғы оқу жылы педагогикалық үдерісті сәтті жүзеге асыруда және білімді, зияткер оқушыларды тәрбиелеуде сәтті жыл болсын.
2019-2020 оқу жылы барысында мектептің тәрбие, оқу, әдістемелік бірлестік пен әлеуметтік, психология саласы бойынша жылдық жұмыс жоспарлары құрылды. Осы аталған салалар бойынша мектептің білім сапасы, мәдениет пен спорт, әлеуметтік, шаруашылық бойынша жұмыс қарқындылығын арттыру мен нәтижеге бағытталған іс-әрекет жасау міндеті қойылды. Осыған сәйкес мектебімізде қажетті кадр жасақталып, тәжірибелі мұғалімдердің озық тәжірибелерін одан әрі дамыту мен жас мамандардың педагогикалық тәжірибелерін қалыптастыру үшін жұмыстар жүргізілетін болады. Биылғы оқу жылы барысында мектеп түрлі сала бойынша өз потенциалын көрсетуі үшін аянбай жұмыс жасау қажет деген қағида бойынша әрекет етеді.
Шешімі:
- 2019-2020 оқу жылында «Мектепке жол» акциясының өткізілу барысын жоспарлау қанағаттанарлық деп танылсын;
- Мектептің 2019-2020 оқу жылы барысындағы жұмыс жоспарымен таныстыру қанағаттанарлық деп танылсын.
Board of Trustees төрағасы: Қ.Жүкел
Board of Trustees мүшелері: З.Ислямова
М.Кульжанисова
А.Молдахметова
А.Қадірғали
С.Ашимбаев
М.Дәрібиев
Хатшы: К.Сапарбек
Хаттама
Күні: 09.11.2019 жылы
Орны: №40 орта мектеп, №113 кабинет
Қатысқандар:
- Мектеп директоры – Г.Б.Ижанова
- Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары – Ш.А.Базаргалиева
- Board of Trustees мүшелері – 9
- Хатшы – К.С.Сапарбек
Барлығы 12 адам
Күн тәртібінде:
- Board of Trusteesтің І тоқсандағы жұмысының қорытынды есебі;
- «Мектепке жол» акциясының өткізілуін қорытындылау есебі.
Тыңдалды:
- Board of Trustees төрағасы Қ.Жүкел: Сәлеметсіздер ме, құрметті қамқоршылық кеңестің мүшелері. Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 9-тармағына сәйкес №40 орта мектепте Board of Trustees құрылды.
2019-2020 оқу жылы қарсаңында Board of Trusteesтің заңнамада көрсетілген мақсатын жүзеге асыру үшін жұмыс жоспары құрылып, мүшелері сайланды.
Боралдай округы мектептерінің №40,№15,№23,№17,№39 мектеп-гимназияның ат салысуымен 28 қазан күні «Қамқоршылар күні» мерекесіне арнап №15 орта мектепте мерекелік іс-шара өткізілді.
Аудан әкімінің жаңа жылдық шырша мерекесіне орай ұйымдастырылатын іс-шараға №40 орта мектептен әлеуметтік мәртебеге ие болып табылатын 5 оқушы қамтылды.
Қараша айында жүзеге асқан «Мейірімді алақан» акциясын жүзеге асыруда Board of Trusteesтің ат салысуымен әлеуметтік мәртебеге ие 5 оқушыға күздік аяқ киім және спорттық үлгідегі киім мен кеңес тауарларымен қамтамасыз етілді.
- Әлеуметтік педагог К.Сапарбек: Қайырлы күн, қамқоршылық кеңес төрағасы және кеңес мүшелері. Барлықтарңызға белгілі 2019-2020 оқу жылы қарсаңында 05.07.2019-30.09.2019 жылы уақыт мерзімі аралығында жалпы республикалық «Мектепке жол» акциясы өткізілді. Бұл акциядан №40 орта мектеп ұжымы да қалыс қалған жоқ. Ең алдымен бұйрық шығарылып, жұмыс жоспары бекітіліп, түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Teachers мектепке қарасты шағын аудандарды аралап, әлеуметтік мәртебеге ие оқушыларды анықтады. Сонымен қоса, мұғалімдер көпшілік жерлерге акция туралы хабарландырулар іліп, тұрғылықты халықты хабардар етті.
Акцияны ұйымдастыру мен жүзеге асыру барысында мектеп ұжымы және ата-аналар белсене қатыса отырып, өз үлестерін қосты. Боралдай кенті әкімінің белсенді жұмысының нәтижесінде кент жеке кәсіпкерлері де өз үлестерін қосты.
Жалпы акция кезінде 68 оқушы 826000 мың теңге көлемінде әлеуметтік көмек алды. «Мектепке жол» акциясының мақсатын жүзеге асыруға белсенділік танытқан Боралай кентінің әкімдігі,Board of Trustees, «Таң» дүкені, «Супер цена» дүкені, «Айгөлек-ай» балабақшасы және жеке кәсіпкерлер Рахат Рахымұлы, Толеуханов Серік. Осы жылғы акцияны жүзеге асыруда мектеп ұжымы және ата-аналар ерекше үлес қосты.
«Мектепке жол» жалпы республикалық акциясын жүзеге асыруда өз үлесін қосқан барлық демеушілерге алғысымыз шексіз!
Шешімі:
- Board of Trusteesтің І тоқсандағы жұмысының қорытынды есебі қанағаттанарлық деп танылсын;
- «Мектепке жол» акциясының өткізілуі жоғары дәрежеде деп танылсын.
Board of Trustees төрағасы: Қ.Жүкел
Board of Trustees мүшелері: З.Ислямова
М.Кульжанисова
А.Молдахметова
А.Қадірғали
С.Ашимбаев
М.Дәрібиев
Хатшы: К.Сапарбек