26
November
2017
Рухани жаңғыру
Ili district
білім бөлімінің басшысы
Л.Ж.Каткееваға
№40 орта мектеп әкімшілігінен
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» аясында өткізілген іс –шаралар туралы мәлімет
Мектебімізде әр сыныптан оқушылар КТК (Көңілді Тапқырлар Клубы) құрылған. Әр сыныптан: «Жас жұлдыздар», «Бұзықтар емес», «Эсперимент», «Элемент», «Талант», «Тек ұлдар», «Жеңілмесін» т.б. командалары арасында сайыс өткізілді. Осы құрамдағы командалар арасында мектепішілік КТК жарысы өткізілді. Нәтижесінде, 1-орын «Элемент» тобы, 2- орын «Эсперимент», «Бұзықтар емес» топтары иеленді. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» аясында өткен КТК сайысында жеңіп шыққан «Элемент» тобы аудандық жарысқа қатыстырылды. 1 -қараша күні іріктеуден өтіп, 3-қараша күні №24 лицейде өткен жарыста аудан әкімі Қ.Ө.Медеуовтың марапатымен марапатталды.
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын іске асыру мақсатында бұйрық шығарылған, жоспары құрылған, хаттамалар толтырылуда. Қазіргі таңда жоспарлы жұмыстар атқарудамыз. Атап айтсақ, «Рухани жаңғыру- білім саласының жаңа көкжиегі» атты тақырыпта атқарылған іс –шаралардың фотожинағынан «Бәйтерек» тәріздес фотокөрме жасалынған, онда 100 фотосурет қойылған. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тақырыбында мектеп оқушыларынан құралған футбол командалары арасында жарыс ұйымдастырылды. Жетекшісі: Досыбек Әжімұқан Дүйсенханович. Аудандық жоспарға сәйкес «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тақырыбында волейболдан аймақтық жарысқа оқушыларымыз қатыстырылды. Жетекшілері: Кусалиев Сұлтанмұрат, Абилбаев Ринат Маратович, Мажитов Әбілхайыр Құралбекұлы. Іле аудандық білім бөлімінің «Мадақтама» 1- орын волейболдан, 2- орын жүгіруден иеленгені үшін берілді. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» аясында өткен «Менің елім- Қазақстан» атты тақырыптағы аудандық 5- конкурсқа мектебіміздің 7 а сынып оқушысы Ярмухаметова Регина (ұйғыр ұлты) қатысып, мақтау қағазымен марапатталды. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» аясында өткен аудандық көрмеге «Ағаш шебері» үйірмесінің қолөнер бұйымдары қойылды. Жетекшісі: Қабланбаев Еркебұлан. «Туған жер» тақырыбында өткізілген аудандық эссе байқауында 9 ә сынып оқушысы Нұрдавлет Назгүл 1-орын иеленіп, «Bestтердің үздігі, жаңа мүмкіндіктер мектебі» тақырыбында өткен «Балдаурен» оқу- сауықтыру лагеріне барып, қараша айында демалып келді. Қазіргі уақытта кешенді жоспар аясында жұмыстар жалғасын табуда. Мектебімізде 41 сынып жинақталған. Оның
ішінде 21 ұстаз бастауыш сыныптың жетекшісі, 18 ұстаз 5-10 сыныптардың сынып жетекшілері. Сынып жетекшілерін қатыстыра отырып, «Қариясы бар ел, қазыналы ел» тақырыбында 0-1 сынып жетекшілерімен ата- аналарын қамту арқылы мектеп актзалында іс- шара өткізілді. 15 қарияға сыйлық берілді. Мектеп директоры Г.Ижанова сөз сөйлеп «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында шолу жасады. Алты жасар тобындағы «Алтын күз» ертеңгілігі ата- аналарының қатысуымен өткізілді. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын іске асыру мақсатында «Боралдай кентіне арнаған, күзгі сыйым» тақырыбында 5-6-7-8-9-10 сыныптардың оқушыларының қатысуымен іс- шара өткізілді. Жалпы іс- шаралар мен жиындарға мектеп ұстаздар толық қатысты, оқушылар жас ерекшеліктеріне қарай қатыстырылуда. Жоспарлы және жоспардан тыс іс- шаралар жалғасын табуда. Жалпы саны: жиын-3, іс- шара -3, қамтылу- 400 оқушы және ата- аналар -41 ата- ана комитеттері. Оқу және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының қатысуымен өткізілді. Қорытындысы шығарылып, орын иеленген оқушыларға «Мадақтамалар» берілді. «Бас жүлде» иеленген сыныптардың сынып жетекшілері: 7 «ә» сынып сынып жетекшісі Әбилдаева Гүлзат, 10 а сынып жетекшісі Адилханова Данагул, 6 ә сынып жетекшісі Жақсылықова Ғалия. І- орын иеленген сыныптардың жетекшілері: 8 ә сынып жетекшісі Тундебаева Назгуль, 6 а сынып жетекшісі Утегулова Аяла, Екінші орын иеленген сыныптардың сынып жетекшілері: 7 б сынып Әуренбаева Торғын, 5 б сынып Саримова Балауса, 5 г сынып Ноғайбекова Меруерт, 9 ә сынып Жаналиева Гүлжан. Басқа сыныптардың сынып жетекшілерінің сыныптары 3- орынды қанағат тұтты.
Сынып жетекшілерінің МЕДИА жоспарды орындауы бойынша Алпысбаева Несіпкульдің 2017жыл №4 «Болашаққа бағыт» атты республикалық ғылыми- әдістемелік журналында «Отбасы- алтын діңгек» тақырыбында мақаласы жарық көрді. Реймова Жадыра «Алтын күз» және «Денсаулық –зор байлық» тақырыбында мақаласын «Инфоурок» сайтында жариялап, сертификат алды. Боралдай кенті жаңа құрылыс ықшам ауданына «Жайнақ» атауы берілді. Іс –шара мәліметі жинақталуда.
Мектеп директоры Г.Ижанова