17
февраль
2021
"Қазақстан - мейірімділік мекені"
2021 жылдың 16 ақпанынан бастап "Қазақстан - мейірімділік мекені" атты республикалық балалар бастамасы басталғанын хабарлаймыз. Аталмыш шара ағымдағы жылдың мамыр айына дейін жалғасатын болады. Іс-шараның мақсаты -балаларды айналасындағы көмекке мұқтаж адамдарға бағытталған игі істер жасауға ынталандыру іс-шараларын ұйымдастыру, қоршаған ортаға деген мейірімді қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру. Сіздерден бастаманы қолдап, іс-шараға белсенді қатысып, өз білімдеріңіз бен мүмкіндіктеріңізді көрсететіндеріңізге сенеміз.